Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (147) Өлеңдер (82) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (225)

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.

Ілмектер: тіл, тіл туралы қанатты сөздер Лев Толстой

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ілмектер: тіл Лев Толстой

Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас.

Ілмектер: аяқ, қол, тіл, кісен Бәйдібек Қарашаұлы

Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.

Ілмектер: мектеп, тіл, сөз, ана тіл Халел Досмұхамедұлы

Әдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.

Ілмектер: әдебиет, мектеп, баспа, тіл, ел Халел Досмұхамедұлы

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

Ілмектер: мектеп, бала, ана тілі, тіл Мұхтар Әуезов

Өз ана тілін менсінбейтіндер — өз ұлтын үш рет өлтіргендер.

Ілмектер: тіл, ана тілі, ұлт, Қоғам Георг Гегель

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Ілмектер: білім, тіл Георг Гегель

Қазақ тілін қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16983 сөз қолданса, ал Шекспир мен Байронның барша лексиконы 15 мың сөзді құрайды. Демек, қазақ әдебиетінің дәмін көрмей жатып, әлемдік әдебиетке қол созудың өзі – ақымақтық.

Ілмектер: Қазақ, тіл, Мұхтар Әуезов, Шекспир, Абай жолы Герольд Бельгер

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз.

Ілмектер: ақыл, іс, тіл Ыбырай Алтынсарин

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.

Ілмектер: Қазақ, Тіл, кітап Ыбырай Алтынсарин

Тіл салақ сөйлеуден бұзылады...

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Әдебиетті жасайтын ой мен тіл.

Ілмектер: ой, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мен-менсіген ісік кеуде шаттауық қысса жіптіктей болады. Дарбаза ауыз, орақ тіл — ауыз күйсе тыншығады.

Ілмектер: кеуде, ауыз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Көңіл берді, көз, ақыл, білім берді,
Сөз айтуға жаратты тілімді енді.

Ілмектер: көз, ақыл, білім, көңіл, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қайран тіл, қайран сөз — наданға қадірсіз...

Ілмектер: тіл, сөз, надан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мыңжас Темір

Ана тілін менсінбеген — сақау,
Ата ғұрпын елемеген — мақау.

Ілмектер: ана тілі, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сақау, мақау Сайын Назарбекұлы

Тілің өткір болса, жауыңды табар,
Артық айтсаң, айналып келіп өзіңді қабар.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Сайын Назарбекұлы

Тегің - атаңнан;
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.

Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ащы тілді адам жабайы аңдар ішіндегі ең қанқұйлысы, ал жағымпаз — үй аңдарының ішіндегі ең қауіптісі.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жағымпаз, аң Диоген