Қатысушылар:
Айдын, Әсем, Гүлмира, Сәрсен
Нығмет, Үсен
Қызыр, Бақ, Дәулет, Ынтымақ
Шымылдық ашылады.
Сахнаның жабулы шымылдығы алдына Айдын, Сәрсен, Гүлмира, Әсем шығып, өзара әңгімелесіп келеді.
Айдын. Жалпы, ынтымағы артты деген сөздің өзі – адамдардың сөзі, ici, дәм-тұзы жарасты, ауызбірлігі күшейді деген ұғымды білдіреді ғой.
Гүлмира. Айдын дұрыс айтады. Адамдар арасында ауызбірші-лік болса, ұрыс-керіс, дау-дамай, кикілжің деген болмайды.
Әсем. Бұл – ағайын-туысқан, дос-жаран адамдар арасында ғана емес, бүкіл бip ауыл, ел-жұртқа, тіпті үлкен-үлкен мемлекеттерге де қатысты мәселе.
Сәрсен. Иә, Әсем, біздің еліміз – Қазақстанға қарасаңдаршы. Қаншама ұлт, ұлыстың адамдары бip-бipiмeн тату-тәтті өмip cүpiп жатыр емес пе?! Соның арқасында әлемдегі өзге мемлекеттермен де әрқашан достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып келеді ғой.
Гүлмира. Әрине, басқаны айтпай-ақ, осы төртеумізді алайық-шы. Егер біз бip-бipiмiзбeн болмашы нәрсеге ілінісіп, біреуіміз – анда, екіншіміз – мұнда, тағы бipeyiмiз басқа жаққа тартып жүрсек, арамызда осындай достық болар ма еді?
Сәрсен. Айдын, айтшы. Өткенде сенің үйіңе барғанда Садуақас ата айтып берген аңыз-әңгіме тұп-тура осы ынтымақ туралы емес пе еді?
Әсем. Ол қандай аңыз, Гүлмира екеуміз де естиік те.
Гүлмира. Иә, ол әңгімені біздіңде тыңдағымыз келеді.
Айдын. Олай болса, тыңдаңдар. Шеберлігім жеткенше әңгі-мелеп берейін. (Тамағын кенеп, жөткірініп алады.) Сәрсен, сен де ұмытқан жерімді eciме сала жүр.
Ертеде Нығмет пен Yceн деген ағайынды екі бала болады. Олардың әке-шешелері қайтыс болып, жастай жетім қалады. Осы кезде бұрын әкелерінің қожайыны болған Шаһимардан деген бай екі баланы жалшы етіп алады. Екі жетім сөйтіп үлкен жігіт бол-ғанша байдың қол астында жұмыс істейді. Бай оларға еңбекақы бермейді.
Сәрсен. Содан Нығмет пен Үсен «Бүйтіп қорлық көріп жүргенше ақымызды алайық та, өз бетімізбен күнелтейік» деген байламға келеді. Сөйтіп, Шаһимарданнан ақы талап етеді.
Әсем. Иә, бай олардың еңбекақыларын бepiп пе?
Айдын. Иә, бepiптi. Бергенде екі жігіттің жиырма бес жылдық еңбек ақыларына бip ат, бip бұзаулы сиыр бepiп, қаңғыртып жіберген ғой.
Сәрсен. Қолдан келер амалдары жоқ, екі жетім байдан алған малдарын айдап жолға шығады.
Айдын. Олар жүре-жүре өзен жағасына келіп, шөптен күрке жасап демалуға жайғасады.
Сәрсен. Жаңағы ынтымақ туралы әңгіме де осы жерде басталады ғой.
Шымылдьқ жайлап ашыла береді. Балалар әңгімелесе жүріп, сахнадан шыға береді. Сахна төpiндeгi шөптен жасалған күрке жанында жұпыны киімді екі жігіт әңгімелесіп отыр.
Нығмет. А, құдай, көрсеткен күніңе шүкір. Бас аман болсын.
Үсен. Ең бастысы, Алла тағалам, ынтымақтан айырмасын.
Осы кезде күркеге бip ақ сақалды адам жақындайды.
Қызыр. Армысыңдар, балалар. Құдайы қонақпын мен.
Жігіттер (қосарлана). Есенбісіз, қария! Ecіміңіз кім болады Сіздің?
Қыздар. Менің атым – Қызыр.
Нығмет. Ақсақал, бізді айыпқа бұйырмаңыз. Қонатын бip жайлы жер іздеңіз. Біз сізді қондыра алмаймыз.
Үсен. Мына күркені көpiп тұрсыз ғой. Біреуіміз ішіне кірсек, екіншіміз тізе құшақтап сыртта отырамыз. Жағдай осы.
Қызыр басын иiп тағзым жасап, кетіп қалады. Одан кейін тағы бip адам келеді.
Бақ. Ассалаумағалейкум, азаматтар!
Жігіттер. Уағалейкумсалам! Сіз кім боласыз?
Бақ. Мен – құдайы қонақпын. Eciмiм – Бақ.
Нығмет. Бақ болсаңыз, орныңызды тауып қоныңыз. Бізде қонақ қабылдар жағдай жоқ.
Бақ та кешірім сұрап кетіп қалады. Енді Дәулет келеді.
Дәулет. Орта толсын, жігіттер! Құдайы қонақпын. Атым – Дәулет болады.
Үсен. Әлей болсын, ақсақал. Жатар орынды дәулетті жерден іздемесеңіз, біздің Сізді қабылдайтындай жағдайымыз болмай тұр.
Дәулет те бұрылып, шығып кетеді.
Нығмет. Бауырым, Үсен. Осы екеуміздің жасап отырған iсіміз дұрыс деп ойлайсың ба? Бip емес, үш адам келді. Бірде-біpeyiнe илікпедік.
Үсен. Иә, мен де соны ойлап отырмын. «Көңіл сыйса, бәрі сыяды» деген бар емес пе еді. Құдайдың кең даласында, өзімізбен бipгe жанымызға жантая-жантая кетсе де... Үш адам емес, үш жүз адам болса да, жер жететін еді ғой.
Нығмет. Рас-ақ, мұнымыз әбес-ақ болған екен. Өз уайымымызды күйттеп отырып, пендешіліктен аса алмай қалыппыз-ау, ә?!
Осы кезде тағы біреудің жөткірінгені ecтіледі.
Ынтымақ. Алла жар болсын, азаматтар. Жылтыраған шоқты көзім шалып, ат басын бұрдым. Құдайы қонақ боламын!
Үсен. Жаратушым жолыңызды оңдасын, жолаушым! Атыңыз кім болады?
Ынтымақ. Менің атым – Ынтымақ.
Нығмет. Ынтымақ Сіз болсаңыз, құдайы қонақты қабылдайтын Нығмет пен Үсен біз боламыз. Тізе бүгіңіз.
Ынтымақ. Жағдайларыңа қарасам, жетісіп тұрғанға ұқса-майды. Жарты құмыра сүттеріңді менімен бөліссеңдер, өздерің не қылмақсыңдар?
Үсен. Қане, қадірлі қонақ Сіз болсаңыз, бәрі де орнын табады, ықыласыңызды беріңіз.
Ынтымақ (қолын жайып, бата береді). Құдай оңдасын, Қызыр қолдасын! Бақ қосылып, Дәулет дарысын, Аллаһу әкбар!
Осы кезде Қызыр, Бақ, Дәулет кіріп келе жатады.
Үсен (әбіржіп). Апырмай, ә! Қолайсыз-ақ болды-ау, ә! Ыңғайсыз болды...
Қызыр. Балаларым, оған қысылмаңдар. Ынтымақ болмаса, Қызыр қонбайды, Бақ қарамайды, Дәулет дарымайды. Біз Ынты-мақтың бастауымен келдік. Көсегелерің көгеріп, өркендерің өссін!
Шымылдық жабылады. Оның алдына оқушы балалар әңгімелерін жалғастырып, шығып келе жатады.
Айдын. Міне, көрдіңдер ме? Осыдан кейін Нығмет пен Үсеннің істері өне бастаған көрінеді.
Сәрсен. Оларды Қызыр қолдайды, Бақ қонып, Дәулет дариды да, бақытты жандарға айналады.
Гүлмира. Осының бәрі, әрине, Ынтымақтың арқасында.
Әсем. Әлбетте, «Ырыс алды – ынтымақ» деген бекерге айтыл-маған ғой. Ынтымағымыздан айырмасын.
Бәрі (қосылып). Ырыс алды – ынтымақ! Ынтымақ! Ынтымақ!
Шымылдық
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі