Қожа қысыр сиырын базарға сатуға алып барады. Әрі жүреді, бері жүреді, сиырын өткізе алмайды. Бір танысы кез келіп қалып:
— Немене, Қожа, сиырыңды сатқалы жүрмісің, — деп сұрайды.
Таңертеннен бері жүрмін, өз білгенімше мақтап та бақтым, бірақ ешкім көз қырын салатын емес, — дейді Қожа. Сол-ақ екен Қожаның таныс адамы:
— Сиырым әрі құтты, әрі сүтті, буаз сиыр, — деп айғай салады. Табанда алушы табылып, Қожаның сиырын қымбатқа сатып алып кетеді. Аң-таң қалған Қожа, танысына алғысын жаудырып, көп ақшаны қалтасына басып ап, қуанышы қойнына сыймай үйіне келеді. Келсе, қызына құда түскелі бір топ әйел үйіне келіп отыр екен.
— Қожеке, сіз төменде сабыр ете тұрыңыз, құдағиларға баланы көрсетейін, бармағынан бал тамған шебер екенін айтайын, мүмкін ұнатса, жұрағат болып та қалармыз, — дейді әйелі.
— Жоқ, — дейді Қожа, — сен дыбысыңды шығарма. Малды қалай бұлдап өткізуді үйреніп келдім, көр де тұр, мен аузымды ашар-ашпастан-ақ өздері жабыса кетеді.
«Шынында да Қожа бір нәрсені білетін шығар» деп ойлап, әйелі құдағиларды құрметтеп қарсы алып, қызын ертіп әкеп, әрқайсысының қолынан сүйгізеді. Сонсоң:
— Құдағилар, беттеріңізді бүркеңіздер, сіздермен Қожаның өзі сейлеседі, — дейді.
Қожа келіп:
— Көп сөздің керегі не, тоқ етерін айтайық. Қызым әрі құтты, әрі сүтті, әрі жүкті, — депті.
Құдағилар беттерін басқан күйде үйден шығып жүре берсе керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі