Қырсық қылғанда, сол күні сабақ болды. Мұны білген Нартай қатты қамықты. Енді-ші! Бүгін Ұлман әжей ауылда бірінші болып Наурыз көже бергелі жатыр. Бір жыл бойы күткен көжеден құр қалатын болды ғой! Оны айтасыз, бір жасқа өспей қалуы да мүмкін әуелі. Әжесі солай деген. Алғашқы Наурыз көжені ішкен күні адам бір жасқа өседі екен. Ал ішпей қалса, бір жас өспей қалады деген сөз ғой! Қайтпек керек?! Бармайын десе тағы болмайды. Өте маңызды сабақ. Мұғалімнің ұрсатыны ештеңе емес-ау! Бір сабақ жіберіп алсаң кейін қуып жету қиын. Соны ойлап тағы қиналды. Енді қайтті?!
Өзі ойланып шеше алмаған соң, аяңдап әжесіне келді.
— Әже, оқушы үшін сабақ маңызды ма, әлде наурызкөже маңызды ма? — деді тұйыққа тіреліп тұрғаны өңінен айқын байқалып.
— Оқушы үшін, әрине, сабақ маңызды,— деді әжесі ойланбастан.
— Онда мен… бүгін Ұлман әжемнің наурызкөжесін ішпесем, бір жасқа өспей қалатын болдым ғой?
— А, ол ма… ол жағы оңай, — деді әжесі Нартайдың ішкі ойын оқып қойғандай мейірлене күлімсіреп. — Бұл оңай шешілетін мәселе.
— Қалай?
— Сен сабаққа алаңсыз бара бересің. Ұлман әжеңнің үйіне атаң екеуміз барамыз. Көжені сабақтан келген соң ішесің.
— Қалай? Ұлман әжемнің үйіне барып па?
— Жоқ. Наурыздың өз жол-жоралғысы болады. Бармай қалғандарға ыдысқа құйып барғандардан беріп жібереді. Мұны «сыбағадан құр қалдырмау» дейді. Бармай қалған адам өз сыбағасын өзі үйінде ішеді. Сен мұны білмеуші ме едің?
— Жоқ, білмеймін. Енді естіп қуа нып отырмын. Жақсы болды ғой. Ұлман әжемнің наурызкөжесін іше алмай қалатын болдым деп қатты уайымдап едім. Енді сабаққа алаңсыз баратын болдым. Бірақ, әже, сіз ұмытып кетпеңіз.
— Жоқ. Алаңдама, құлыным! Мен ұмытсам да, Ұлман әжең ұмытпайды. Өйткені, сыбаға беру — олардың міндеті.
— Онда жақсы, әже! Мен мектепке кеттім.
Уайымы сейілген Нартай мектепке дайын далу үшін өз бөлмесіне қарай бұрылды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі