Қазақстан әлем эфирінен орын алғанына жақында 26 жыл. Сол сындарлы жылдар барысында бастан кешкен қуанышымыз бен тауқыметіміз аз емес. Көшкен құстай бір-бірінің соңынан ілескен уақыт 6 ғасырға жуық тарихы бар қазақ көшін жылдар жылжыған сайын ілгерілетті. Түрлі өзгерістерге бой үйретіп, талай жаңашылдыққа бет бұрдық. Сансыз жобалармен жұмыс атқарып, көптеген стратегия, идеялар барысында халық арасында ауыз толтырып айтарлықтай жаһандану, жандану толқыны көрініс алды.
Ел игілігі үшін жұмыс атқарып жатқан жобалардың соңғысы «Рухани жаңғыру» аясында талданған «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ» жобасы сәуір айының ортасында орайы түсі , оң жамбасымен Үкімет басшылары арасына топ ете түскен еді.
Бұл жоба 2017 жылдың аяғына дейін бірыңғай стандартты нұсқасы жасалуы тиіс болған. Соның негізінде оқу праграммасы латын әрпінде жүргізілуі , мектептер мен басқа да оқу орындарында жазба түріне енген жаңа жазудың жетілдірілуі келер 2018 жылдың анық та, айқын мақсаты.
Өз ойымды білдірмес бұрын, латынның бүгінгі таңда әлем әлеуетінде алар орны мен құны қанша, бұл жазылым қай мемлекеттің сынағынан өтіп көрген, қолданыстан кейінгі тіл дәрежесінің бағдары оң ба деген сауалдарға қысқаша тоқталып өткенді жөн көрдім.
Еуропа елдерін былай қойғанда, түркі тілдес туыстарымыз түгелге дерлігі осы латын қарпін қолдауда. Атап айтсақ, шегеленген шегарамызбен шектесе көршілес болып отырған өзбек елі, «әлемдегі ең үлкен көл» статусы бар Каспий арқылы көршілесіп жатқан Әзірбайжан жұрты және де Қазастанды өз тәуелсіздігінде алғаш болып мойындаған мұсылман бауырларымыз, яғни Түркия сынды мемлекетер тәулесіздіктерінің алғашқы жылдарында–ақ өздеріне латынды лайық көргендер қатарында. Ал ол елдерде тіл мәдениеті артпаса, кемімегендігін сыншы көзіміз көріп-ақ жүр. Анау айтқандай қиындық пен өкінішті бастан кешірген елді көзіміз шалмады. Бір сөзбен айтқанда, тек жақсы нәтиже үшін күрестен өзге мәселе жоқ.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы аясында сөзінме дәлел болатыны «ревалюциялық емес , эвалюциялық даму» бөлімі . Меніңше, бұл да бір сатылап даму үдерісі.
Ең бастысы бұл әріптер исі қазаққа тансық емес . Аға ұстаздарымыз деп білетін Ахметтер бастаған буын өкілдерінің көзін көрген латын тілі біздің қазақта қонақ болып кеткен тіл. Бүгінгі оқып отырған әліпбиімізді құрағандардың латын әрпімен сауат ашқанын ескерсек , біз бұл латынның лай – лайын шығарарымыз анық, ал латынға көшуді адасушылыққа балаушылық – нақ жалқаулықа бастау дей аламын. Заман мен уақыт талабына сай мемлекетімізді жаңаламай алға басушылық көрініс таппасы анық. Тарихта адам айтса нанғысыз озбырлытқан бүгінгі тәуелсіз елге айналған қазақ, кезекті сыннан да сүрінбесіне һәм сенімдімін.
Сара Макуова
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі