Өлең, жыр, ақындар

Төребек ханым

(либретто)

Аңызға құрылған үш актілі опера либреттосы

ҚАТЫНАСУШЫЛАР:

Төребек ханым — «Н» империясының шахы. Төребек билік - құмар, ол үшін неден болса да тайынбайды. Қатал. Ақылы алғыр, шешімі шапшаң, қимылы, жүріс-тұрысы тез. Айласы да, қулығы да мол. Менмен, өр адам. Өз діні, өз тін берік, өз табының адамы.

Әділхұтлық — «Н» империясының бұрынғы шахы, Төребек ханымның күйеуі. Әділхұтлық—адал, әділ атанған, ақкөңіл, сенгіш, ақылды, ақжарқын мінездің адамы.

Меңлі — Төребек ханымның күтушісі, сенімді қызметкері. Көмпіс, бәрін іштей түйетін мұңлы жан.

Үлек — Меңдінің күйеуі. Төребек ханымның жасырын істерін атқарып отыратын сенімді қызметкері. Үлек—иесіне адал, міндетін мүлтіксіз орындайтын, безбүйрек, жауыз адам.

Мазлұмхан сұлу — Төребек ханымның немере сіңлісі. Мазлұмхан — нәзік сезімді, ізгі жүректі, жұмсақ мінезді ару.

Мерқұлал — шетелдік сәулетші, негізі—құл. Мерқұлал—өнерлі, намысты, ақылды, айтса істеп, кессе үзетін тұрақты мінездің адамы.

Бас уәзір — шахтың іс жүргізуші серігі.

Жас уәзір, бұлардан басқа уәзірлер, құрылыс жұмысшылары, жаршылар, халық, хор айтушылар, би билеушілер қатысады.

Ақын.

Шымылдық алдында ақын Әжнияз өлеңін оқиды.

Пісте мұрныңда алтын діллә әребек,
Екі қара көзің — екі бәледек.
Үргеніш жұртында ару бегім,
Төребек қараса, жылан жылжып інінен безінер.

БІРІНШІ АКТ

Бірінші көрініс

Дешті Қыпшақ ханы Жазылбек өз кезінің ең күшті сауда орталығы, экономикасы, қарулы күші жағынан мықты патшалық болып тұрған «Н» шахы Әділхұтлықпен достасып, арқа сүйегісі келеді. Бұл мақсатына жартылай жеткен Жазылбек енді оны бекіте түсу үшін кәрі Әділхұтлыққа әрі сұлу, әрі ақылды Төребек дейтін қызын ұсынады. «Өзің бармайсың. Қызымды өзім әкеліп беремін» деп уәде етеді. Әділхұтлық ұсынысты қабыл алады. Патша болуды жастай армандаған, билік құмар Төребек қыз өз есебі өзінде болып, әкесінің тілін алады. Әділхұтлықтың сарайына өзі көшіп келіп кіреді.

Н. қаласы. Шах ордасының әшекейлі, ою-өрнекті үлкен қақпасы. Қақпаның екі жағыңда екі биік күмбезді мұнара бар. Қақпа екі жағынан биік қызыл кірпіш дуал - қорғанмен жалғасады. Әріректе азан шақыратын биік мұнара көрінеді. Қақпанын екі жағындағы мұнара - колонналардан қолдарында кернейі бар екі жаршы көрінеді.

1-жаршы. (Екі жағына, онан соң көрермендерге тура қарап,мүйіз кернеймен жар салады):

О, халайық, халайық!
О, халайық, халайық!
О, халайық, халайық!

(Жан-жақтан біртіндеп халық жинала бастайды.)

О, халайық, бәріңіз,
Тыңдап, құлақ салыңыз.
Әділхұтлық шахымыз
Мәртебесін таныңыз.
Жазылбектей хан қызы
Кербез сұлу паң қызы,
Алыстан тастап қармақты
Хұтлық шахты таңдапты.
Шұғыла төгіп маңайға,
Келіп кірді сарайға.

(«Халайық тап» жүріп шығып кетеді. Халық көңілденіп, қуанып, жаршы сөзінің «хан қызы», «паң қызы», «таңдапты», «келіп кірді сарайға» деген жерінде қосылып қайталап тұрады.)

2-жаршы.

О, халайық, халайық!
О, халайық, халайық!
О, халайық, халайық!

(Екі жағына, онан соң көрермендерге қарап):

Шах – ханша тойы бар,
Ендігі істі қойындар,
Көңілдерді тазартып,
Кейіс болса, жойыңдар!
Той! Той! Той!
Шах - ханша тойы бар!
Қызықта кімнің ойы бар.
Алып атан, ақты қой
Ақтарып сойыңдар!
Той! Той! Той!
Шах - ханша тойы бар,
Өнерге кімнің ойы бар.
Топтан озған тұлпарға,
Жұрттан озған жүйрікке,
Сүрінбеген шешенге
Нар түйені бас қылып,
Ақ жамбыны қостырып,
Тоғыз қылып ханша
Сый тартатын ойы бар.
Той! Той! Той!

Мұнда да халық қуанып, бір-біріне қарап, жаршының «нар түйені басқа», «Ақ жамбы қостырып»,«Тоғыз қылып ханша сый тартатын ойы бар» деген сөздеріне қайталап, қосылып тұрады. Енді сахнаға халық көп жиналады. Биік балконнан нөкерімен шах -ханша көрінеді. Шах - ханшаны қошеметтеген хор айтылады.

ХОР.

Құтты болсын, шах, қолында кұсыңыз,
Жұп қыран боп қия-құзға ұшыңыз.
Ер ағасы, ел анасы,
Сүйенетін ел данасы,
Болғай берік ісіңіз.
Құтты болсын шах - ханша тойыңыз,
Тойға сыйлық тоғыз мәре қойыңыз.
Бейбіт күннің мерекесі,
Елдің ырыс, берекесі,
Арта берсе—ойымыз.

Осыдан ары би биленіп, той жалғасып кетеді.

Жұрт билеп жүргенде сахна қоса айналып, сарайдың ішкі жағы, шах ордасы— Төребек ханшаның бөлмесі көрінеді.

Екінші көрініс

Төрде шар айна. Жібек шымылдық қоршаған төсек. Төребек айнаға қарап, таранып -сыланып тұр. Меңді және бір қыз Төребектің кешкі сән-салтанатының қамында. Киімінің бірін алып, екіншісін дайындап жатыр. Төребектің күтуші қыздарының бірі келіп, шах келіп тұрғанын хабарлайды:

Қыз. Шах ием келіп тұр, бегім!

Төребек қолын көтеріп қыздарға кетіңдер деген белгі етеді. Өзі айна алдында тұрып қалады да, есіктен кіре берген Әділхұтлыққа қарамай, айнаға қараған күйде:

Төребек. Ей, Әділхұтлық, шах! (дегенде, жап – жас қыздан кесір қылық күтпеген шах басында аң-таң басып, босағада қалт тұрып қалады. Төребек әлі де шахқа мойын бұрмай, екеуі бір-бірін айнадан көріп, барласып тұрған тәрізді қарасып қалады).

Шар тарапқа жайылған
Әділ деген атың бар.
Өз аузыңнан төрелік
Естімек бір датым бар...

Әділхұтлық, енді қызды барлап, сынап, «қайтер екенсің» деген сыңаймен сөз қатады:

Әділхұтлық.

Отырғанға орнығып,
Дат айтылмақ емес пе!
Үйге кіргенге алдымен,
Жоғары шық демес пе!

(Төребек енді шахтың суыған жүзін аңғарып, жұмсара өзгеріп, түлкі бұлаңдап, сайқалдана):

Төребек.

Көңілімді бір түйін
Толқытады, тыңдап көр!
Сөзіңізге біз құлдық.
Отырыңыз, міне, төр.

Әділхұтлық.

Бұл сарайға сәулелі
Шуақ кірді деп едім.
Барлық түйін шешіліп,
Тұрақ кірді деп едім.
Аруақты шах, ақ орда
Ұнап кірді деп едім.
Бұл сарайға сіз кірмей,
Сұрақ кірді демедім.
Ақтарыңыз қылмай қалт,
Дат деген соң тыңдау шарт.
Шақырдыңыз ба Үлекті?

Төребек.

Үлек, досым, жүректі,
Тегеурінді, білекті.
Хан кекеме жетесің,
Жетіп, хабар етесің.
Сан сұмдыққа ебі бар,
Хұтлықтың бүккен кебі бар.
Қырық кісімен қонаққа
Ертең жүрмек ол дағы,
Ол монтаны бер жағы.
Хан көкемді өлтіріп,
Дештіні шаппақ ойы бар.
Артында қырық мың қолы бар,
Хан көкем дайындалсын де.
Тілі майда Хұтлықтың,
Тілдеспей басын алсын де.
Бағып осы іс артын,
Көз жеткізіп бәріне
Кейін қарай ұшарсың.
Оралсаң істі тындырып,
Қыз Меңліні құшар.

Үлекке алтын толы дорба лақтырады. Үлек жем қаққан тазыдай дорбаны қағып алады.

Үлек.

Батпан жүк сал тағы да,
Тек жеткіз арманыма.
Төребек.
Серт деселік!

Үлек. (қуанып, қолдарын айқастырып ант етіседі.) Серт деселік! (Шығады).

Төребек ойланып, арлы – берлі жүріп, қиял үстінде.

Төребек.

Тумайтыны белгілі тақталасы.
Аға-інісі, Хұтлықтың жоқ баласы.

(Ойланып, серпіліп, қиял қанатына мінгендей).

Қолыма бір түсірсем
Хұтлықтағын,
Жыл асырмай алармын
Дешті жағын!

Шымылдық.

ЕКІНШІ АКТ

Төребек Әділхұтлықтың тағына отырғалы көп болған. Әкесі Жазылбекті қол жіберіп, Хұтлық ханның кегін алған болып, өлтіріп, халық алдында арылған болып, елдің сеніміне кіріп, орда адамдарын ұйытып, өзіне қаратып, таққа отырған.

Сол сұлу шах Төребекке көп бекзада, хан-сұлтандар ғашық болып, елші жібереді. Бірақ, Төребек тағыма ортақтасады, билік қолымнан кетеді деп ешкімнің тілегін қабыл алмай, ешкімді менсінбей, өз алдына патшалық құрып, елі тыныштық, жаны тыныш жүріп жатады. Бірақ көршілес Мары жұртының сұлтаны Санжар Төребекке қатты қызығып, бай, байтақ ел, сауда орталығы Н.- ге қызығып, қайта-қайта елші жіберіп, маза бермейді. Төребек султан тілегін сонда да қабыл алмайды. Әбден қорланып, не істерін білмеген Санжар султан енді күш көрсетіп, айла-амал жасап көру мақсатында Жейхун (Әму) дарияны жоғары жағынан байлап тастап, Төребек ханым патшалығын судан тарықтырады. Бұл хабарды естіген Төребек қатты қысылады.

Сахна ашылғанда кек күмбезді, биік мұнаралы, мешіт-медреселі Н. қаласы көрінеді. Екінші актідегі - хан сарайы. Төребек терезеден қарап, ойлы пішінде тұр. Төрде бірнеше баспалдақпен шығатын биік сәкі үстінде тақыт. Есіктен Меңлі кіреді.

Меңлі.

Бегім!

Төребек жалт қарайды.

Меңлі.

Бас уәзір, Жас уәзір және орда жайсаңдары келіп тұр.

Төребек.

Бар, кірсін де.

Төребек тақытына барып отырады. Бас уәзір, тағы үлкен-кіші бір топ орда адамдары кіреді.

Уәзір.

Армысыз,бегім!

Төребек.

Уәзір.

Төребек.

1-уәзір.

Бармысыз, мырза!
Не әңгіме, не хабар?
Әңгімеміз әзірге
Жайлы болмай тұр, бегім!
Тағы Санжар сұлтан ба?
Халық судан тарығып
Қарып болды, бегім!
Бақша солып, қуарып,
Шықпай қойды егін.

2-уәзір.

Әрі аштық, әрі шөл
Қысар болды, бегім,
Індет жайлар түрі бар,
Таппай болмас бір емін.
Құмырсқадай қырылып,
Қырда қалың мал жатыр,
Құдықта да су құрып,
Лаж болмай, дал ақыл.

Төребек.

Қылаң беріп сүзек тұр,
Кей ауылды күзеп тұр.
Ақыл сала кеп тұрмыз
Айтар ма деп сіз еп бір.
Мен ойланып корейін,
Сәлден кейін орал.
Көп кешікпей бәрінің
Бір мәнісі болар.

Уәзір.

Мақұл, бегім!

(Асқан қажыр-қайратпен, үлкен жігермен бекініп, үйден жүгіре шыға беріп шымылдық жабылады).

Шымылдық.

ҮШІНШІ АКТ

Бірінші көрініс

Мары ханын алдап, сөзден жығып, еліне оралып, дарияда қайтадан су толқып, ел өмірі түзеліп, халқы тыныш өмір сүріп жатқам «Н» шахы Төребек ханымның өзі тыныштықта емес еді. Иран - араб елдерінен шеберлер жинап, өзіне ғажап сарай салдырмақ болған Төребек ханым құрылыстың бас шебері —еркек бітімді сұлуы. Әрі өнерлі, қолында тас гүлдей кірпіш жақұт болар шебер. Тек заты да, өзі де жалдамалы құл.

Төребек.

Кетіп қалды-ау... Қайта келді...
Аялы жоқ неткен жан. Тағы кетті көрінбей.
О,тәңірім!
Өң бе, түс пе, бұл не ғажап,
Күндіз - түн күңіренемін тартып азап,
Төребек ханым ғашық қара құлға,
Етер ме бұдан артық тағдыр мазақ.
О,тәңірім!
Жазығым не, неден жаздым?
Антымнан, айтқан серттен қашан аздым.
Ғашықтық отын жақтың жүрегіме,
Жазасы үшін ғой бұл Санжар назының.
О, Мерқұлал, Мерқұлал,
Жүрегімде жазылмас
Мерқұлал деген дертім бар.

(Орнынан тұрып, бір жоғары, бір төмен түсіп, қайта таққа отырып, аласұрып тағы да сөйлеп кетеді).

Жасымнан арғымақтың жалында өстім,
Жауымнан жасқанбадым, жалын кештім.
Қарсы кеп ер күшіне айла, ақылмен
Кеудесін бастым талай қас пен өштің.
Көрмеді хан, сұлтаннан ұнап ешкім,
Келгеннің қолын қағып, тілін кестім.
Махаббат, уың тәтті, жолың қатты,
Әлсіз, биледің сен ақыл-есті.
Жоқ, жоқ, жоқ! Билетпен саған, билетпен!

(Шаршап, қатты қиналып келіп тақытына құлайды. Террасқа шығып, қарайды, қайта түседі).

Махаббат билеп азаптар
Деуші едім әлсіз, жаманды.
Тағдыр беріп жазамды
Шектім бұлай азарды
Ұстай алма өзімді,
Ала алмаймын көзімді.
Билегендер бар ма екен
Бойын жеңген сезімді.
О, жасаған, жәрдем ет,
Өзің бергей төзімді.

(Қиналып, налып отырып, аздап ақыл-есін жинағандай сергектеніп, тағы сөйлеп жүріп кетеді).

Жанға мұны сездірсем,
Құлды адам деп көзге ілсем,
Ақсүйек атқа дақ салып,
Халықты тақтан бездірсем.
Жеңбесем бойды,
Тыймасам ойды нем кісі
Еткенше мұны жария,
Жұтсын дағы
Өткелі жоқ дария...
Кесіл, арман,
Үзіл, үміт, адыра...

(Есі ауған адамдай тақытына барып, тағы қулап түсіп, сұлық жатады. Мазлұмхан сұлу кіреді).

Мазлұмхан.

Армысыз, Бегім!

(Төребек басын жұлып алып, тағына түзеліп отырады).

Төребек.

Бар бол, бикеш!

Мазлұмхан (неден бастарын білмей қысылып...). Бек апа, бар өзіңе датым. (Бата алмай қысыла, қипақтап сөйлейді).

Төребек.

Маған жан жоқ еді ғой сенен батым,
Ширыққан әлденеге сыңайың бар,
Не батты жас жаныңа, айтшы атын.

Мазлұмхан.

Ғашықтық, Бек апа!

Мерқұлал.

Келмек еді, кешікті екен неліктен? (Мұңға батып).

Жалған - ай, би, бектерден артық тудым,
От өнер, адамдық ар жолын қудым,
Болса да аузы қисық ақсүйектер
Сөйлеген сұм заманда неге тудым.
Әттең, дүние.
Құл деген таңба
Баттың жанға.
Жалған - ай, мен де ұлы, іргелі елдің
Топ бастап, төрде болар бірі едім.
Айып боп құл руым, сағым сынып,
Босаға болып орным, күңірендім.
Әттең, дүние,
Құл деген таңба,
Баттың жанға.
Жалған - ай, жар сыйладың айдай ару,
Жаныма жабырқаған, болған дару.
Жарыққа шығар бұзып, құл бұғауын,
Еркіндік жолы қайда, қақпа қару?
Оқ өтпес, ақ махаббат қылыш кеспес,
Мәніне біреу жетер, біреу жетпес.
Түсейік бак жолына қол ұстасып,
Жас тілеу жазығы жоқ зая өшпес.
Жас тілеуге жарасқан
Жәрдем етер жер, аспан.
Сыр ашылар жайымыз болып мәлім,
Күн туғандай болса егер, қиып бәрін
Қош айтысар сәт жетсе өкінішсіз,
Махаббаттың өшерміз салып әнін.
Келсе тағдыр тосын
Серт етелік осыны.

(Қол алысып, сүйісіп тұрады).

Шымылдық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер