Өлең, жыр, ақындар

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.


Нақыл сөздері

Жақсы бастыққа iстiң мән-жайын бiлетiн жақсы жәрдемшi, ақылгөй кеңесшi, қолқанат қажет. Мұндай жағдайда оның iсi жанып, ол өз халқына, қоғамына, өзiне де көп пайда тигiзедi.

Ілмектер: кеңесшi, қолқанат, бастық, жәрдемші, халық, қоғам, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.

Ілмектер: аз, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ілмектер: халық, жақсылық, сөз, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, ел, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бiреудi үйрету — өзiңнiң қайталап үйренуiң.

Ілмектер: үйрену, қайталау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қайда жүрсең де өзiңдi тiзгiндеп ұста.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тізгін Жүсіп Баласағұни

Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.

Ілмектер: ойлау, ой, сөйлеу, жетілген, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, адам, сөз, көрік, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Адам салқын қанды, тұрақты, жақсы мiнездi болуы керек.

Ілмектер: адам, салқын қанды, жақсы, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Адамға оның ақылы ғана дос.

Ілмектер: адам, ақыл, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Парасат — қараңғыдағы шырақ.

Ілмектер: парасат, шырақ, қараңғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.

Ілмектер: ақыл, ел, билік, жұрт, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Ілмектер: Жүсіп Баласағұни, нақыл, афоризм, адам, басшы Жүсіп Баласағұни

Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң.

Ілмектер: құмар, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, қараң Жүсіп Баласағұни

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.

Ілмектер: адам, жүрек, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Қыңыр сөз – күйдіргі.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде.

Ілмектер: пайда, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Не дер екен мейірімі мол кісі:
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
Дәулет болар алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.

Ілмектер: мейірім, бақ, даулет, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Сүйгенін көрсе көңіл күлімдейді,
Қоштасар зары жүрек тілімдейді.
Кездесу көңілді мәз өрлетеді,
Қоштасу қайғысы құр шерлі етеді.

Ілмектер: қоштасу, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты,
Шері оның теңізден де тұңғиық-ты.

Ілмектер: сүю, махаббат, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Қарап көріңіз