Өлең, жыр, ақындар

Элиас Канетти

Элиас Саломон Канетти (ағылш. Elias Salomon Canetti; 25 шілде 1905, Русе — 14 тамыз 1994, Цюрих) — аустриялық және британдық жазушы, драматург, мәдениеттанушы, әлеуметтік ойшыл. Неміс тілінде жазған. Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1981).


Нақыл сөздері

Үрейін ұшырғаннан гөрі, жеккөрінішті көрінген артық.

Ілмектер: үрей, жеккөрушілік Элиас Канетти

Жазғаныңды дəлелдеп жату қандай қиын десеңізші: құдды бір айтқаныңды қайтып алып жатқандай сезінесің.

Ілмектер: дәлел, жазу Элиас Канетти

Сұрақ қою — басып кірумен пара-пар.

Ілмектер: сұрақ Элиас Канетти

Кешірім жасау билігі дегеніміз — баршаға құзыреті жүретін жəне əркімге тонның ішкі бауындай жақын билік.

Ілмектер: кешірім, билік Элиас Канетти

Меланхолия кезінде адам өзін-өзі əбден тұйыққа тіреліп, алқымнан алғандай сезінеді.

Ілмектер: меланхолия, адам, тұйық, алқым Элиас Канетти

Ең тереңдегі, жануарлар деңгейіндегі, билікті билік емес зорлық деп атаған жөн.

Ілмектер: зорлық, билік, деңгей, жануар Элиас Канетти

Билік өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтындардың да басын шыр айналдырады.

Ілмектер: билік Элиас Канетти

Бет-бейнедегі қимыл-қозғалыстардан адамның қолынан қаншалықты айла-шарғы келетіні айқын аңғарылады.

Ілмектер: айла, қозғалыс, адам Элиас Канетти

Ешқашан дəл осылай істей алмайтындай қимылда.

Ілмектер: қимыл, іс Элиас Канетти

Күнтізбенің қолайлылығы ешқашан үзілмей, жалғаса беретіндігінде.

Ілмектер: күнтізбе Элиас Канетти

Адам ұлы ғой, шіркін: қандай қорқынышқа бармайды дейсің, оны терең сезініп, оған төзіп жəне оны жадынан ешбір шығармай жүріп өмір сүре береді.

Ілмектер: адам, қорқыныш, сезім, өмір Элиас Канетти

Билеуші өзі мен өз құзырындағылар арасына ең үлкен əрі ең қиын кедергілер қойып қояды: соның арқасында ол күнге, немесе қытайдікіндей одан да, алысырақтағы аспанға айналады.

Ілмектер: билеуші, құзыр, кедергі, күн, аспан Элиас Канетти

Қалалар қирайды, адамдар тереңге тығыла түседі.

Ілмектер: қала, терең Элиас Канетти

Жауынгер тəрбиесі басқаларға қарағанда əлдеқайда көп тиым салудан басталады.

Ілмектер: жауынгер, тәрбие, тиым салу Элиас Канетти

Жазу процесінде əлдебір шексіздік бар.

Ілмектер: жазу, шексіздік Элиас Канетти

Кездейсоқ өсу қашан да таң қаларлықтай əсер етеді.

Ілмектер: өсу, Кездейсоқтық Элиас Канетти

Біздің санамызда өткеннің бəрі ғасыр-ғасырға бөлініп қойылған: олардың маңында басқа ештеңеге орын жоқ.

Ілмектер: сана, ғасыр Элиас Канетти

Үндемес өзінің шын елден бүгін жүргенінен əлдеқайда артық сезік туғызады.

Ілмектер: үндемес, ел Элиас Канетти

Билеуші ешқашан да толық көшірмейді.

Ілмектер: билік, билеуші, көшіру Элиас Канетти

Билеушілер тек өздері ғана тірі қалуға тиіс сияқты көреді.

Ілмектер: билеуші, тірі қалу Элиас Канетти

Қарап көріңіз