Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Ұлы ақын, композитор, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Ілмектер: ар, мал, дүние, нәпсі, Қулық, сұмдық, ұрлық, маза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы, Абай, ұлы абай Абай Құнанбайұлы

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

Ілмектер: қару, қайрат, өмір, жел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.

Ілмектер: қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы

Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

Ілмектер: адам, көңіл, айып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тамақ, ойын, күлкі, мақтан, кербез Абай Құнанбайұлы

Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.

Ілмектер: пенде, жалығу, тағдыр, жаратылыс, адам, бала, құтылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

Ілмектер: ел, билік, тақ, абырой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.

Ілмектер: жақсы, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

Ілмектер: татулық, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.

Ілмектер: Ақыл, қайрат, жүрек, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

Ілмектер: Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, ой, ғылым, өтірік, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

Ілмектер: уайым, салғырт, халық, дәулет, ғибрат, ақыл, ар, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

Ілмектер: мал, қолөнер, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алдау, адал, қазақ Абай Құнанбайұлы

Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.

Ілмектер: қызық, азап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме

Ілмектер: Өмір Абай Құнанбайұлы

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

Ілмектер: ар, атақ, бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.

Ілмектер: заман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.

Ілмектер: тер, көз, сату, еңбек, аларман, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн,
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн.

Ілмектер: дүние, ой, адам Абай Құнанбайұлы

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

Ілмектер: ұстаз, бала, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

Ілмектер: жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Қарап көріңіз