Ұлағатты, дана, нақыл сөздер мен ойлар

Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.

Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.

Ілмектер: мәдениет, білім, тіл, жұрт, бай Халел Досмұхамедұлы
WhatsApp Telegram

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

Ілмектер: тіл, қару, адам Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Кез-келген тіл дерексіздікке (абстракция) құмар. Ал ең таза сөз жүйелілік және семантикалық тұрғыда монополиске айналған сөз.

Ілмектер: тіл, сөз Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Адамның адамдығын - оның басқаға, басқаларға шын зәрулігімен өлшеуге болады.

Ілмектер: адам Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Егер елу ең бай еврейлік отбасынан ақшаларын тартып алса, соғыстар мен революциялар тыйылар еді.

Ілмектер: соғыс, революция, еврей, бай Генри Форд
WhatsApp Telegram

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.

Ілмектер: адам, адасу, білу Жан-Жак Руссо
WhatsApp Telegram

Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады.

Ілмектер: тіл, ұлт Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.

Ілмектер: тіл, бала, қазақ тілі, орыс тілі, ана тіл Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Жетістік – ол энтузиазмді жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу.

Ілмектер: жетістік, сәтсіздік, энтузиазм Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Бір орында тұрған қойма суындай емес, ағып-тасып тұрған сарқырамадай бол.

Ілмектер: су, сарқырама, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо
WhatsApp Telegram

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.

Ілмектер: ақын, өнер, борыш, тіл Халел Досмұхамедұлы
WhatsApp Telegram

Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгерді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп…соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.

Ілмектер: халық, тіл, өнер Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

Ілмектер: қазақ, ұлт, тіл Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Қабақ шытпа шөл жерде,
Жатпа сырын білдірме.
Жігіт шағың келгенде,
Тісің болса шайна тас.

Ілмектер: шөл, жігіт, тас Мақтымқұлы
WhatsApp Telegram

Кем талант — мүмкіндігінше, шын талант — қалағанынша жазады.

Ілмектер: талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.

Ілмектер: ұлт, тіл, жер, тарих, қазақ тілі Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ілмектер: тіл, ана тілі Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.

Ілмектер: Абай, қазақ тілі, өлең Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын.

Ілмектер: ұлт, рух, тіл, құқық Мұстафа Шоқай
WhatsApp Telegram

Тіл – көңілдің ашқышы,
Көңіл – жарық, жан – қия.
Білім – бақыттың басқышы,
Қараңғыда жол қия.

Ілмектер: тіл, білім Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.

Ілмектер: мақала, қалам, сөз Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ілмектер: оқу, кітап, бала Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Кем талант - кемтар талант.

Ілмектер: талант Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

Ілмектер: махаббат, үй, иман Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!

Ілмектер: бақыт, тілек, сенім Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram

Мөлдір кіршіксіз алғашқы махаббаттың алғашқы сәті ынтызарлықтың жоқтығы емес, өзін-өзі көрсетуден сескеніп жатқан ынтызарлық. Алғашқы махаббат осыдан басталады.

Ілмектер: алғашқы махаббат, махаббат Виссарион Белинский
WhatsApp Telegram

Бала сіздің ғана қуанышыңыз ғана емес екендігін, сол үшін еліміздің алдында жауап беретініңізді әрдайым естен шығармауыңыз керек.

Ілмектер: бала, ел Антон Макаренко
WhatsApp Telegram

Өзіңді-өзің алдап және оны байқамай қалу қандай жеңіл болса, біреуді алдап және әшкере болмау - сондай қиын.

Ілмектер: алдау Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

«Жүрек» деген жұдырықтай кесек ет,
Сүйген, күйген сезім – қанын еселеп,
Жинай берсе, талай теңіз жасалып,
Талай кеме айдындарын кешер еді.

Ілмектер: жүрек, сезім Сәбит Мұқанов
WhatsApp Telegram

Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады.

Ілмектер: тіл Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram