Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.

Ілмектер: әдебиет, дәстүр, тіл, талас Жак Деррида

Ең бір сеніп қалуға болмайтын нəрсе — тарихтың метафизикалық ұстыны.

Ілмектер: сенім, тарих, метафизика Жак Деррида

Оқырман не бəрінен хабардар, не ештеңе білмейтін болуға тиіс.

Ілмектер: оқырман, хабардар, білмеу Жак Деррида

Ортақ ереже болмаса — ешкім ешкімге ешқашан ортақ кеңес бере алмайды.

Ілмектер: ереже, кеңес, ортақ Жак Деррида

Деректің өзі — теория: сипаттап берсең болғаны.

Ілмектер: дерек, сипат, теория Жак Деррида

Нүкте қашанда қалауыңызға қарай қойылады.

Ілмектер: нүкте, қалау Жак Деррида

Кітаптың соңы — жазудың басы болмайды.

Ілмектер: кітап, жазу, соңы Жак Деррида

Тəжірибе жинақталса болды, басқа бірдеңеге сілтеме жасау деген де сумаң етіп шыға келеді.

Ілмектер: Тəжірибе, сілтеме Жак Деррида

Тарихта ұдайы осылай болып тұрады: ол алға қадам жасаған еді, сол үшін əлденесін құрбандыққа шалуға тура келді.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Жак Деррида

Кейде тура бастан ұрғандай дөрекі ұрандармен көшеге шығуға тура келеді.

Ілмектер: ұран, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Өз тілінде сөйлеу — тəржімə талап ету деген сөз.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Тілден де тыс бірдеңе бардай көрінетін бірдеңе бар екені анық: бəрі қалай айтуға байланысты.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Бір нəрсені қалпына келтіру үшін жаңа құрылымды бұзу керек болатын кез де аз емес.

Ілмектер: құрылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Оппозицияны қайта құру деген — алдымен белгілі бір сəтте иерархияны аяғын аспаннан келтіріп айналдырып қою.

Ілмектер: Оппозиция, иерархия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

«Иə» қайталауды қажет етеді.

Ілмектер: иә, қайталау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Ара-тұра пысықтықтың да ішкі түйсікке сай тапқырлық танытып, дұрыс таңдау жасай білудей көрінетіні бар.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ойлар, пысықтық Жак Деррида

Кейде сырты қаншалықты сабырлы болса, іші соншалықты буырқанысқа толы құбылыстар кездеседі.

Ілмектер: сабыр, құбылыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Бар жерде барлық жағдайда тек айырмашылық пен ізден кейінгі із ғана бар.

Ілмектер: айырмашылық, із, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Ойынға айналған жерде ой да ештеңе айтқысы келмей қалады.

Ілмектер: ойын, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Із — тәннің бір бөлшегі.

Ілмектер: із, тән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида