Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 138-бет

Болар-болмасқа иланба.

Ілмектер: сену
WhatsApp Telegram

Болар істің біткені жақсы.

Ілмектер: іс, жақсы
WhatsApp Telegram

Болар бала боғынан.

Ілмектер: бала
WhatsApp Telegram

Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырыққа кірсе де, жас болар.

Ілмектер: адам, жастық, қырық, он бес, бас
WhatsApp Telegram

Бол ұстамды, қатты келсе қаһарың,
Сабыр етсең, келер шаттық баһарың.

Ілмектер: ұстамдылық, қатты, қаһар, сабыр, шаттық, баһар
WhatsApp Telegram

Боқ жаман,
Бәрінен де жоқ жаман.

Ілмектер: боқ, жаман, жоқтық
WhatsApp Telegram

Боқ жағылған нетеді, жуса кетеді,
Ат таңылған нетеді, сүйегімен кетеді.

Ілмектер: сүйек, ат, боқ, жуу
WhatsApp Telegram

Бойың қисық болса да,
Ақылың түзу болсын.

Ілмектер: бой, қисық, ақыл, түзу
WhatsApp Telegram

Бойра тоқыған зергер болмас.

Ілмектер: зергер, тоқу
WhatsApp Telegram

Бойдақтың ақылы — екі көз.

Ілмектер: бойдақ, ақыл, екі, көз
WhatsApp Telegram

Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.

Ілмектер: бойдақ, жігіт, бөз
WhatsApp Telegram

Бозбаланың бастаған елі оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.

Ілмектер: бозбала, ел, құралай, киік, оңбау
WhatsApp Telegram

Қыс түскенде өз бойымда жеңуге болмайтын жаз бар екенін түсіндім.

Ілмектер: қыс, жаз, жеңу, Альберт Камю Альберт Камю
WhatsApp Telegram

Әділетті болу үшін алдымен мейірбан болу керек.

Ілмектер: әділет, мейірбан, нақыл, афоризм Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Біреудің сөзін қайталау түсінгендіктің белгісі емес.

Ілмектер: сөз, қайталау Жалаладдин Руми
WhatsApp Telegram

Кешігіп келген бақыт ұзақ сақталады.

Ілмектер: бақыт, кешігу Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кішіпейілдік — қабілеті шақты адам үшін адалдық; қабілеті асып-тасыған адам үшін жасандылық.

Ілмектер: Кішіпейілдік, адалдық, жасандылық Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Сөз қадірін түсінген,
Тыңдап бағып, іс қылар.
Ақыл ойы тең жүрген,
Даналықпен жөн айтар.

Ілмектер: Нақыл сөз, Қуандық Жолтай Қуандық Жолтай
WhatsApp Telegram

Еліктей қызың бой жетсе,
Он бесінде кесте алар.
Арқардай ұлың ер жетсе,
Он үшінде ноқта алар.

Ілмектер: Нақыл сөз, Қуандық Жолтай Қуандық Жолтай
WhatsApp Telegram

Боғынан бұзылды ғой.

Ілмектер: бұзылу, боқ
WhatsApp Telegram

Биіктеп кетсең, құлау бар,
Қуанып кетсең, жылау бар,
У ішсең, тәтті ұнау бар.

Ілмектер: құлау, биік, қуану, жылау, у, тәтті
WhatsApp Telegram

Билік, байлық, даналық бір өзіңе байланысты.

Ілмектер: Билік, байлық, даналық
WhatsApp Telegram

Билеуші көркі — саясат.

Ілмектер: билік, саясат
WhatsApp Telegram

Бие мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.

Ілмектер: бие, құлын, саумал, қымыз, төрт түлік мал
WhatsApp Telegram

Бие бауға, түйе тауға.

Ілмектер: төрт түлік мал, төрт түлік, мал, бие, тау, түйе, бау
WhatsApp Telegram

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би
WhatsApp Telegram

Биді Құдай ұрмайды,
Алымға сөзін бұрса да.

Ілмектер: би, сөз, алым
WhatsApp Telegram

Бидай көрсетіп, арпа сатады.

Ілмектер: бидай, сауда, саудагер, арпа
WhatsApp Telegram

Бидай егіп, арпа ормас болар.

Ілмектер: бидай, арпа
WhatsApp Telegram

Би қылма, би түсетін үй қыл.

Ілмектер: би, үй
WhatsApp Telegram