Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (31)

"атақ" туралы Ұлағатты сөздер

"атақ" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "атақ" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Адамды биік ететін атақ емес, ар алдындағы адалдық.

Ілмектер: адам, атақ, адалдық, ар, биіктік, Ұлылық Белгісіз
WhatsApp Telegram

Қарапайымдылықтың шын мəніне келгенде жасырынған атақ- құмарлықтың өзінен басқа ештеңе де емес түрі де кездеседі.

Ілмектер: қарапайымдылық, атақ, құмарлық Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Ертең (сот, кездесу болған кезде) Алла тағала менің қаншалықты белсенді, бай, танымал, тақуа болғанымды сұрамайды. "Сен өмірге келмей тұрып, Менің саған (қаншалықты ауыр, қиын болса да) алдын-ала жазған тағдырыма риза, разы бола алдың ба?" деп сұрайды.

Ілмектер: Алла, сот, кездесу, байлық, атақ, танымалдылық, тақуа, мумин, өмір, тағдыр, риза, разы Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Жалпы, атақты адамдар (жұлдыздар) мен шіріген байлар өздерінің беделінен, жеке қауіпсіздігінен, дүние мүлкінен айырылып қалуына қатты алаңдайды. Атақты және бай адамдардың көпшілігі іштей емес, сырттай бақытты.

Ілмектер: атақ, атақты, адам, жұлдыз, бай, бедел, қауіпсіздік, дүние, мүлік, бақыт, бақытты Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Менікі деп жүргенің, уақытша ғана сенікі, атақ, ақша дегенің, мәңгілік емес сенікі. Сонда не мәңгілік — Жаратушыға деген махаббат.

Ілмектер: уақыт, атақ, ақша, мәңгілік, Алла, махаббат, жаратушы Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Үш нәрсеге түсінбеймін:
— Неге тірлікті тұрғызғандардан гөрі қиратқандар атақтырақ;
— Неге отынды шапқандардан гөрі жаққандар табыстылау;
— Неге басшыға батылдан гөрі жағымпаз сүйіктілеу.

Ілмектер: табыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, отын, жағымпаз, басшы, қирату, атақ, батылдық Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Қас жауыңды анықтағың келсе — атақты бол.

Ілмектер: атақ, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Атақты деп атың шықса халыққа,
Масайрама, сол халықты налытпа.

Ілмектер: атақ, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Егер атақ-даңқты көтере алмай ақымақтана, есіре түссе, бұл адамның жағымсыз көлеңкелі жағы.

Ілмектер: атақ, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді.

Ілмектер: Атақ, даңқ, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ақылдылар үшін атақ-даңқ — бұл зіл батпан жүк.

Ілмектер: атақ, даңқ, Ақыл, зіл, жүк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Атақ та, награда да талантыңа талант қоспайды.

Ілмектер: атақ, награда, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
WhatsApp Telegram

Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

Ілмектер: атақ, аықл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Олжа — елге сауға, атақ — ерге сауға.

Ілмектер: олжа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, атақ Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Біз өмірден (ортадан) тек ақылмен қабылдай алатын ақпаратты ғана ала аламыз. Бір адам дүние (өмір) өзенінен ризық-нығметтерді (байлық, танымалдылық, атақ, мүлік, билік) шай қасықпен, ал екіншісі кесемен алады. Үшіншісі шелекпен, ал ең ақылдысы бөшкемен алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қоршаған орта, ақыл, ақпарат, дүние, Өзен, ризық, нығмет, байлық, атақ, мүлік, билік, шай, қасық, Кесе, шелек, бөшке Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Көп сөйлейтін және аз жұмыс істейтін атақты адамдар тез және із-түссіз жоғалады. Әрекет — бұл ұлылықтың қадірі.

Ілмектер: қадір, атақ, нақыл, афоризм, әрекет, қанатты сөздер, ұлылық Хосе Хулиан Марти
WhatsApp Telegram

Адам болсаң, болғайсың адал жанды,
Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды.
Жақсылықты жақсылық табар іздеп,
Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды?

Ілмектер: атақ, жаман, жақсылық, адал, адалдық, жауыздық, сүй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Низами
WhatsApp Telegram

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

Ілмектер: ар, атақ, бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе.

Ілмектер: байлық, теңіз, су, атақ, даңқ, шөлдеу Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.

Ілмектер: байлық, атақ, нақыл, афоризм Конфуций
WhatsApp Telegram