Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (122) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (205)

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Ілмектер: бақыт, қанағат Аристотель

Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.

Ілмектер: жүрек, бақыт Аристотель

Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Ілмектер: тіл, қасиет, бақыт Мұқағали Мақатаев

Бақытсыздық— бұл өзіміз, ал бақыт— басқалар

Ілмектер: бақытсыздық, бақыт Жак-Ив Кусто

Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.

Ілмектер: даңқ, бақыт Қадыр Мырза Әли

Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар.

Ілмектер: бақыт, рухани, сұлу, адам Василий Сухомлинский

Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.

Ілмектер: бақыт, өмір, адам, мақсат Альберт Эйнштейн

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.

Ілмектер: ел, бірігу, бақыт Білге қаған

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.

Ілмектер: ұстаз, уақыт, бақыт, тәрбие Зейнолла Қабдолов

Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана.

Ілмектер: бақыт, сүю, күту Михаил Лермонтов

Адамдардың үш тобы бар: бірінші топ Жаратушысын іздеді және тапты. Бұлар ақылды әрі бақытты адамдар. Екінші топ Жаратушысын іздеп жүр , бірақ тапқан жоқ. Бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар. Үшінші топ Жаратушыны іздеп те жүрген жоқ, тапқан да жоқ. Бұлар бақытсыз әрі ақымақ адамдар.

Ілмектер: адам, бақыт Блез Паскаль

Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды.

Ілмектер: бақыт, дерт Габриэль Гарсиа Маркес

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ілмектер: ұстаз, уақыт, бақыт Жан-Жак Руссо

Сүю һәм сүйікті болу қандай орасан бақыт!

Ілмектер: сүю, сүйікті, бақыт Антон Чехов

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.

Ілмектер: құс, адам, бақыт, жаралған Владимир Короленко

Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.

Ілмектер: балалық шақ, бақыт, қарттық Марк Твен

Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.

Ілмектер: бақыт, қайғы, жалғыздық Элберт Хаббард

Ең ғажап қала — ол адамның бақытты болған жері.

Ілмектер: қала, бақыт, адам Ремарк Эрих Мария

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады.

Ілмектер: іс, бақыт, адам Леонардо да Винчи

Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау.

Ілмектер: сезім, заң, бақыт Стендаль Фредерик