Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Адам айнасы - адам.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

Ілмектер: тәуелсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру.

Ілмектер: адам, жаза, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Ақиқаттан атап кету — арға сын.

Ілмектер: ақиқат, ар, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

Ілмектер: қан, қасиет, қадір, нақыл, афоризм Дінмұхамед Қонаев

Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті.

Ілмектер: күн, нақыл, афоризм Дінмұхамед Қонаев

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.

Ілмектер: сын, қасиет, нақыл, афоризм Дінмұхамед Қонаев

Ешбiр iсте табыс «қателiк iстеу құқығынсыз» мүмкiн емес. Жалған нотадан қорқатын скрипкашы тыңдаушыларын баурап алмайтыны сияқты, айтылмайтынды айтып қоюдан сақтанатын жазушы да жаңа ой мен сезiмдi бере алмайды.

Ілмектер: табыс, қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, жазушы, сенім, нота, қорқу, скрипкашы, сақтану Лев Толстой

Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.

Ілмектер: бақыт, отбасы, шаңырақ, қиындық, нақыл, афоризм Лев Толстой

Бақыттылық әрқашан қалағаныңды iстеу емес, оның мәнi iстеп жатқаныңды әрдайым қалаудан көрiнедi.

Ілмектер: бақыт, қалау, нақыл, афоризм Лев Толстой

Адамдар қалай сөйлеудi үйренедi, ал ең басты ғылым — қалай және қашан үндемеудi бiлу.

Ілмектер: адам, сөйлеу, ғылым, үндемеу, Лев Толстой, афоризм, нақыл Лев Толстой

Ұятың мақұлдамаған нәрсенiң бәрiнен сақтан.

Ілмектер: ұят, нақыл, афоризм, Ұлағатты сөздер, сақтану Лев Толстой

Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар —ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарыңды ала біліңдер.

Ілмектер: кітап, ұстаз, нақыл, афоризм Лев Толстой

Бiз ақша салынған әмиянды жоғалтсақ қайғыра бастаймыз, ал басымызға келген, естiген немесе оқыған, егер бiз оны еске сақтап, өмiрде қолдансақ, көп жақсылық әкелетiн ғажап ойды жоғалтып алсақ немесе ұмытсақ, оның миллиондардан да қымбат екенiн бiле тұра онша қынжыла қоймаймыз.

Ілмектер: ақша, әмиян, ой, жоғалту, қайғыру, ұмыту, қынжылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.

Ілмектер: қарапайымдылық, жақсылық, ақиқат, ұлылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.

Ілмектер: тәрбие, адамгершілік, ықпал, нақыл, афоризм Лев Толстой

Осынау түсініксіз әлемде қанша жабығып жүрсең де, ол бірақ қалай айтқаныңмен таңғажайып нәрсе ғой.

Ілмектер: әлем, таңғажайып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иван Бунин

Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.

Ілмектер: ата-ана, адамгершілік, еңбек, үлгі, нақыл, афоризм Ыбырай Алтынсарин

Әлсіз ерік-жігер — жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.

Ілмектер: ерік, жігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мінезсіздік — ойлаудың айқын еместігі.

Ілмектер: мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, ойлау Бауыржан Момышұлы