Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Жұрт" туралы ұлағатты сөздер жинағы.
Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.
Ілмектер: жұрт, сабыр, есту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Қақсауық бар, ділмар бар, оттампаз бар, шешен бар: төртеуі — төрт жұрттан.
Ілмектер: қақсауық, ділмар, шешен, жұрт, оттампаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Жұрт сүйгенді құдай да сүйеді.
Ілмектер: жұрт, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл-Хорезми
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.
Ілмектер: Тарих, халық, жұрт, ел Міржақып Дулатұлы
Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!
Ілмектер: жер, қадір, жұрт, нақыл, афоризм Асан қайғы
Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.
Ілмектер: жұрт, әділдік, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.
Ілмектер: әділдік, халық, жұрт, нақыл, афоризм, береке, бірлік Әлихан Бөкейханов
Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.
Ілмектер: дүние, жұрт, билік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.
Ілмектер: оқу, өнер, жұрт, ел Әлихан Бөкейханов
Жаманның аузына жұртта қалған сөз түседі.
Ілмектер: жаман, сөз, жұрт Ғабит Мүсірепов
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
Ілмектер: жастар, тәрбие, оқу, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».
Ілмектер: жұрт, тіл, қазақ, қырғыз Міржақып Дулатұлы
Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.
Ілмектер: халық, тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Ілмектер: мәдениет, білім, тіл, жұрт, бай Халел Досмұхамедұлы
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.
Біз өзіміздің аяулы қасиеттеріміз жайында неғұрлым көп айтсақ, соғұрлым оған жұрт аз сенеді.
Ілмектер: қасиет, жұрт, сенім Пьер Бошен
Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,
Ілмектер: өмір, жұрт, жігіт Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.
-
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі