Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (9) Өлеңдер (36) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (1)

Өкініш — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "өкініш" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Мен бір көргеннен ғашық болуға сенбеймін. Менің ойымша, бұл – үлкен қателік. Сіз тек физикалық сипаттамаларға көңіл бөлсеңіз, сол үшін қатты өкінесіз.

Ілмектер: өкініш, махаббат, ғашық Ли Куан Ю
WhatsApp Telegram

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

Ілмектер: ар, адам, өкініш, тағдыр, ауыр, қиын Әбул-Хасан Рудаки
WhatsApp Telegram

Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды, ал өтіп кеткенін сезгенде әркім "Аһ" ұрады.

Ілмектер: жастық шақ, өкініш Сенека
WhatsApp Telegram

Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.

Ілмектер: білім, іс, өкініш Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Ілмектер: ерлік, адам, өкініш Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өткен іске өкінген өмір зая.

Ілмектер: өмір, зая, өкініш Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.

Ілмектер: іс, өкініш, соққы, өмір Стивен Кинг
WhatsApp Telegram

Өнерлінің - өкініші көп,
Өнерсіздің - өкініші жоқ.

Ілмектер: өнер, өкініш Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен
WhatsApp Telegram

Асығыс түбі - өкініш.

Ілмектер: асығыс, өкініш Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram