Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (35) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (62)

Махаббат деген бір түрлі сезім ғана, бұл сезім уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

Ілмектер: махаббат, сезім, қайғы Джек Ма

Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік адамның бойында коллектившілдік сезімді тәрбиелеудің нәтижесі.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сезім Бауыржан Момышұлы

Ажалдан ешкім құтылмаса, қайғыдан да құтылған емес.

Ілмектер: ажал, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл адам баласынын, қиянатының көптігі — мейірімінің аздығынан.

Ілмектер: дүние, қайғы, жауын, қуаныш, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өз қайғысы жоқтай-ақ басқаның қайғысына ортақ — ақ көңілді айт.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, көңіл, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Біз оларға жанашырлық танытып, олардың қайғысын сезінеміз. Оларға айтарымыз, құрбандықтары үшін рахмет. Бұл ел азабы, сол жерде тұратындар үшін жеке қасірет.

Ілмектер: қайғы, сезім, құрбандық Даниэль Аялон

Кісі емес кісі таразының тұмсығы секілді: сәл нәрсеге — аспандайды, сәл нәрсеге — баспен қайғы.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таразы Үнді даналығы

Біреудің қуанышына қуана алған, қайғысына қайғыра алған — туысынан ізгі адам.

Ілмектер: қуаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайғы, туыс, туысқан, ізгілік Үнді даналығы

Уайым-қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу — антұрғандық.

Ілмектер: Уайым, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, антұрғандық Абай Құнанбайұлы

Еркін ұста, ақын жанын ұғын да,
Сыйла бәрін, көтер қайғы-мұңын да.

Ілмектер: қайғы, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Балаң жақсы болса — қызығың, жаман болса — қайғың.

Ілмектер: бала, жақсы, қызық, жаман, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Уайым-қайғысыздық — жасартады, іспен айналысу — көркейтеді.

Ілмектер: Уайым, қайғы, жас, көркею, іс Роберт Вальзер

Қайғырған ақыл — қайратының кемдігін көреді.

Ілмектер: қайғы, ақыл, қайрат Жорж Батай

Қайғы құрдымға кетіреді.

Ілмектер: қайғы, құрдым Жорж Батай

Дүниедегі ең барып тұрған арман, барып тұрған қайғы творчестводан аса алмас.

Ілмектер: арман, қайғы Баубек Бұлқышев

Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан, немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін біріншісі емес, екіншісі. — Әйтпесе, бәрі де апат болар еді..

Ілмектер: апат, құрмет, тартылыс заңы, ғарыш, әділдік, әділ, қайғы Ілияс Есенберлин

Қайғылының ішінде жанар жалын.

Ілмектер: қайғы, жалын, жану, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Ілмектер: қайғы, қызық, жүрек Абай Құнанбайұлы

Бақыт пен қайғы – сыртқы дүниеде емес, өз санамызда. Күйзеліс – оқиға не жағдайдан емес, оларға берген мән-мағынадан туады.

Ілмектер: бақыт, қайғы, дүние, сана, күйзеліс, мән, оқиға, жағдай, мән, мағына Нарша Булгакбаев

Дүние — қайғы не қуаныш әкелмейді. Қайғы мен қуаныштың негізі — дүниені қалай түсінетінімізде. Сондықтан басымыздағы қайғыға Құдай да, өмір де, әлем де, табиғат та, тағдыр да, өзгелер де, тіпті шайтан да кінәлі емес. Нағыз кінәлі — өзіміз ғана. Ал қалғандары — тек себепкерлер. Кінәліні сырттан іздеу — адамның рухани әлсіздігінің көрінісі. Қайғы мен қуаныш, сынақ пен бақ — бәрі де біздің көзқарасымыздан, ішкі түйсігімізден, жүрек жылулығынан туындайды.

Күн де, жаңбыр да, түн де, таң да — өздігінен ештеңе білдірмейді. Біреу үшін күз — сағыныш, екіншісі үшін — тыныштық, ал үшіншісі үшін — түңілу. Сол сияқты, сәтсіздік — біреу үшін күйреу, ал екінші үшін — жаңғыру нүктесі. Жоғалту — біреу үшін азап, ал біреуге — шынайы бақытқа жол ашады.
Қиындық — біреудің үмітін сөндіреді, ал біреудің рухын оятады. Сол себепті өмірдің мәні — басыңнан не өткергеніңде емес, сол өткергендерге қандай мағына жүктегеніңде.

Әлем — айна. Ол саған өз шындығын емес, сенің ішкі шындығыңды көрсетеді. Жүрегің тыныш болса — әлем де саған тыныш көрінеді. Жүрегіңде алай-дүлей сезінсең. әлем жойқын дауылға айналады. Өмірдегі жағдайларға, оқиғаларға мағына беріп, оларды жүрекке жақын немесе жат ету — тек өзіміздің таңдауымыз.

Жүрегің тазарса — әлемің жарқырайды. Жаның тазарса — өмірің нұрға бөленеді. Өзіңмен тату болсаң — ешкімге жау болмайсың.

Барлығы (жақсылық та, жамандық та) өзімізден басталады. Барлығы (нәтиже мен қорытынды) өзімізбен аяқталады.

Ілмектер: дүние, түсінік, жүрек, қайғы, қуаныш, құдай, кінә, өмір, әлем, табиғат, өзге, шайтан Нарша Булгакбаев