Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"афоризм" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "афоризм" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта.
Ілмектер: Құдайшылық, жүрек, таза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес,
Ілмектер: ризық, халық, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы
Шашылған ризықты теріп татпай.
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!
Көп ойланған кiсi әрқашан жақсы шешiм таба бермейдi.
Ілмектер: ой, шешім, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
Ең қасиеттi нәрсе — адамның өзiне-өзi наразылығы.
Ілмектер: қасиет, адам, наразылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
Ілмектер: құдай, қорқу, пенде, ұят, бала, оқу, білім, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Қызығы бұл жалғанның — мал менен бас.
Ілмектер: қызық, өмір, жалған, мал, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы
Сiздi өзiңiзге сену сенiмiнен айыруға тырысатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл қасиет ұсақ адамдарға тән. Ұлы адам, керiсiнше, сiздiң де ұлы адам бола алатыныңызға сендiредi.
Ілмектер: қасиет, сенім, ұлы, ұсақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен
Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн-өзi үйретедi.
Ілмектер: білім, оқу, оқыту, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский
Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
Ілмектер: ауру, денсаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Артықтан тағылым ал, кемге — үйрет.
Ілмектер: тағылым, үйрет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы
Бар екендiгiн адамдар байқамайтын көсемдер — ең жақсылары.
Ілмектер: көсем, адам, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
Ілмектер: еңбек, хайуан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамшылық, қарыз, Алла, құл Абай Құнанбайұлы
Қара есек жүгендеумен тұлпар болмас.
Ілмектер: есек, тұрлпар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Қорқыт ата
Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.
Ілмектер: Сыпайылық, кісі, кіші, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
Уақыт ағымынан үйренбегендi ешқандай ұстаз үйрете алмайды.
Ілмектер: уақыт, ұстаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбул-Хасан Рудаки
Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
Ілмектер: заман, мінез, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Қарап отырма, бiр нәрсеге жарап отыр; кәсiп болмай, нәсiп болмас.
Ілмектер: кәсіп, нәсіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі