Он сегіз мың ғаламның
Он сегіз мың ғаламның,
Егесіне құлшылық.
Таңым атып арайлап,
Жарқырап тұр күн шығып.
Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер
Он сегіз мың ғаламның,
Егесіне құлшылық.
Таңым атып арайлап,
Жарқырап тұр күн шығып.
Он сегіз мың ғаламды,
Жаратушы Тәңірім.
Тәңірімнің бар ғалам,
Орындап тұр әмірін.
Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем арман жоқ,
Бақыт пен байлық шайқалса, басыңды мүжір арлан боп.
Өмірден кімдер өтпеген, алтыннан сарай салдырып,
Жақсылығынан басқа артында, жарты тиын да қалған жоқ.
Мәңгілік музам менің, табындырған,
Өзіңсің жаным тербеп сағындырған.
Ерітіп, елжіреттің жүрегімді,
Өзгермей сан бояулы сағым нұрдан.
Жаманға – мал, жал бітер жаман атқа,
Жалды деп жаман атты тағалатпа.
«Жаманға мал бітті» деп желіктіріп,
Тектіге тексіз итті абалатпа.
Ей, адамзат, дүние үшін алданба,
Еш қайыр жоқ алтыннан да, малдан да.
Иманыңның бары-жоғын сұрайды,
Бұл жалғаннан о жалғанға барғанда.
Қиялым жетер шексізге.
Жанардың оты жетпейді.
Сөз айта көрме тексізге,
Тексізге сөзің өтпейді.
Таң нәсібі – Тәңірден,
Тәңірім берген әмірмен.
Шыбын-шіркей жыбырлап,
Құрт-құмырсқа қыбырлап,
Бір сәттік жарық,
Бір тамшы су мен
Бір демдік қана ауаңның.
Қарызын қалай өтермін,
Астан-кестен көңілім, астан-кестен,
Көз алдыма елестеп бастан кешкен.
Бастан кешкен бір күнгі ғұмырым-ақ,
Болады екен бірнеше дастан десең.
Қойса ба деймін, құрысын, осы өлеңді,
Өртеніп біттім, өртеген отым, сөн енді.
Бар-жоқты шатып, тып-тыныш жатып үйімде.
Жазсам ба деймін, роман, повесть дегенді.
Таттым аға, ащыны да тәттіні,
Енді оралмас балалықтың пәк күні.
Көре-көре көсем болар дегендей,
Көре-көре білдік жаман-жақсыны.
Ақбоз үй, айлы түн, сылқылы бұлақтың,
Көк шалған көк теңіз сыбдыры құрақтың.
Тұп-тұнық айдындай аспан мен айнала,
Көгенде күйісі қозы мен лақтың.
Кеп тұрмын Қордайдағы Майтөбеге,
Майтөбе білгендерге жай төбе ме?
Түңліктей төбедегі қара тастың,
Сыры да мәлім емес байтақ елге.
«Білем деме, шексіз ғалам, тылсым өмір сырларын,
Білесің бе шексізден тыс не құдірет тұрғанын.
Әлем сырын білмек болып аласұрған жандар көп,
Білмек те емес, білген де емес бір данышпан, бір ғалым.
Туған жердің топырағына
Тиер кезде табаным,
«Таза ма» деп,
Табаңымды сүртіп-сүртіп аламын.
Өмір сырын қандай жан ұға алады?,
Ұға алмастан барлығын құп алады.
Жарқылдатып жасындай бірте-бірте,
Сөндіред те қатардан шығарады.
Тозбастай көрме тоныңды,
«Кім кесер» деме жолымды.
Тобаңнан Алла жаңылтса,
Білмейсің оң мен солыңды.
Хаттар, хаттар, хаттар-ай,
Қимас-сыйлас жандардың,
Хат соңында аттары-ай.
Сөзі жүрек лүпілі,
Ұмытып жалған дүниені,
Өртенген шағың есте ме?
Ұмытпай жүрмін мен сені,
Ұмытылар емес ештеңе.
Арсыздық, ойсыз озбырлық,
Аздырып адам баласын.
Жыртқыштай қанын қоздырып,
Тұмшалар саңылау санасын.
Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған,
Тіршілік тозаңы болып тұңғиығыңда қарманам.
Жансыздарға әр беріп, жандыларға нәр берген,
Құдіретіңе, бір Алла, басымды иіп таң қалам.
О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін,
Қошеметке құл болғанша, жақсы оданда өлгенім.
Дақ түсірмей өткізе гөр адамдықтың арына,
Рас болса бұл өмірге адам болып келгенім.
Өзектегі өртім қойды-ау басылмай,
Кейде отырам қас-қабағым ашылмай.
Тұңғиыққа түпсіз сүңгіп кетемін,
Метеориттің ағып түскен тасындай.
Байлықты бедел санама, ерлердің басын бағала,
Ерекше ғып жаратып, тудырған Алла Тағала.
Әліңді біл, Аяз би, жолыңды біл құмырсқа,
Ақылсыз сөйлеп ақиып, жағаласпа жағаға.
«Ала гөр» деме Аллаға,
Ал демесең де кетесің.
Артынан ата-анаңның,
Арулап тәнді жетесің.
Кімге жақсы бұл өмір, кімге жаман,
Кімге жарық бұл өмір, кімге қараң.
Тұңғиыққа батырып, тұншықтырып,
Бір қиындық кездесер күнде маған.
Жақсылығы шексіз Жаратқан, бар болса күнәм, кешіргін,
Жанына жара салғам жоқ, жарлы мен жетім-жесірдің.
Аттаған жерім тағы жоқ, ешкімнің ала жібінен,
Ақ адал маңдай теріммен өрендерімді өсірдім.
Жалғандыққа жарты қадам баспайтын,
Жалған сөзге жалған жақ та ашпайтын.
Сәке, сіздей азамат аз қазақ та,
Аспайтын да, саспайтын да таспайтын.
Теңіздей басым шуылдап, толқындай тулар жүрегім.
Он сегіз мың ғаламды жүргендей тербеп бір өзім.
Баласы түгіл адамның әлемде барлық жандыға.
Амандық, саулық, жақсылық бір Алладан тіледім.
Кім көрді «ақылым кем» дегендерді,
Ақымақ әжуа етер кемеңгерді.
Саяз су сарқыраған көзге түсіп,
Көрмейміз тұнып аққан тереңдерді.
«Әділет» деп,
Әділеттің жолында,
Семсерлерін сермегендер сорлайды.
Түптің-түбі әділетті көксеген,
Тағзым ғып келдім, Таразым, бабаларымның мекені,
Он сегіз мың ғаламда өзіне не жетеді.
Тәу етіп тұрмын, Таразым, ата-анам туған бақ мекен,
Ата-ана мейірім иісіндей далаңнан самал еседі.
Ақылды адам бақытты деген Құран-Кәрімде,
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылға кел бәрің де.
Жаманшылық біреуге ойлар болсаң Алланың,
Ұшырайсың құтқармас қаһарына, кәріне.
Кіндік қаным тамған жер, кешір мені,
Сыртта жүрдім тұсауым кесілгелі.
Жер бетінің жүрсем де қай шетінде,
Айдарымнан сенсіз жел есілмеді.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі