Қазіргі таңдағы өсіп келе жатқан жастар тәрбиесі өзекті мәселе болып саналады. Жастардың тәрбиесі түсініксіз, ия, барлығы тәрбие көрген көзі ашық жандар. Бірақ осы тәрбиеге келгенде осал жерлері өте көп, ата-аналары өте жақсы тәрбие берген бірақ, соны дұрыс көрсете алмай жататыны мәлім. Неге? – деген сұрақ қойсақ - заманға сай болу керек, қазір заман басқа деп өздеріне мүлдем басқа әлем жасап алады. Жиырма бірінші ғасыр қазір заман басқа дейді, заман өз орнында, адамдар басқа. Жылдан жылға жастардың жүріс-тұрыстары, сөз саптауы төмендеу үстінде. Жай көшеде кетіп бара жатып, сөйлеген сөздері, құлағыңның құрышын қандырып сай-салаға естіліп жатады. Бұның өзі тәрбиенің нашарлығы болып саналады. Көп жастарымыз «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» деген сөздің астарында үлкен мән мағына жатқанын түсінбейді. Қазіргі жастар өсіп келе жатқан өскелен ұрпақтарға үлгі болудың орынан мазақ болып жатқаны қанша. Болашақта біреуі асқар таудай әке, біреуі аяулы ана болатын адамдар, ертең болашақта балаларына қандай үлгі өнеге болады деген ой ішімді қынжылтады. Біз өзіміз жастардың тәрбиесіне осал қарағандықтан, осы мәселені өзекті етіп қозғап отырмыз. Ұлдардың қыз секілді киінуі, көшеде қызбен жігіттің жабысып тұруына салғырт қарағандықтан, бұл нәрсенің көбейуі санымызды сан соқтырып отыр. Біздің, яғни жастардың тәрбиесі ұлт болашағы екенін ұмытпауымыз керек. Біздің тәрбиеміз өскелен ұрпақтарға үлгі, бізден олар үлгі алып келешекте сол арқылы пісіп жетілетінін әрқашан жатта ұстауымыз қажет. Егерде біз жасөспірімдерді тек жақсы нәрселерге баулыйтын болсақ, келешек ұрпақтардың да тәрбиесі жоғары болатынына сенемін. Біздің өскелен жастардың тәрбиесі көптеген мәселеге әсер ететінін түсінбейді. Осы мәселені ойлап қатты қынжыламын. Әр бала дүниеге келгенсоң ата – анасының жақсы тәрбиесін алып шығады, өсе келе әр ортаға түсіп баланың ойы бұзылып, ойы сан саққа кетіп тәрбиенің не екенін қатты ұғына бермейді. Тәрбие деген сөздің өзі бір ерекше ғой шіркін! Оны ұғынып жатқан жатқан жастар барма, мен көпке топырақ шашқым келіп тұрғаным жоқ, бес саусақ бірдей емес иа, соның ішінде санаулы жастарымыз тәрбиенің не екенін ұғынбай, ар-ұждадан, намыстан айырылып жатады. Ерлеріміз ез болып, қыздарымыз жер болып намысы тапталып жатқаны қанша. Бұның барлығына жастарды кіналай берудің де керегі жоқ шығар, бірақ адам баласы әр нәрсені істер алдында ең бірінші ұятты ойлау керек деп үсінемін. Неге? Себебі, дөрекі әрекет жасағаннан кейін, көптеген қисыңқы сөздер ата-анаға, ата-ананың берген тәрбиесіне үлкен кір келтіретіне сөзссіз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Тәрбие – ата-ананың айнасы екенін ұмытпағанымыз жөн».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аяжан
Маған ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы