Өлең, жыр, ақындар

Уильям Шекспир

Уильям Шекспир (ағылш. William Shakespeare; 23 сәуір 1564 жылы, Стратфорд Эйвон, Англия — 23 сәуір 1616 жылы сол жерде) — ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, кем дегенде 12 трагедия, 16 комедия, 6 тарихи хроника - соның ішінде бірнеше бөліктен тұратын 4 поэма және 154 сонеттен құралатын циклдар авторы. Оның пьесалары әлемнің түгел дерлік тірі тілдеріне аударылып, басқа авторларға қарағанда ең көп қойылады, Шекспирдің шығармалары ағылшының тілінің байытылуына орасан үлесін қосты. Мысалы, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Зұлымдықтай ақылды бол,
Жанымның,
Жарасының аузын ашпа, жарқыным!

Ілмектер: ақыл, жара, жан, зұлымдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Өмір — ұшқыр көлеңке.

Ілмектер: Өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көлеңке Уильям Шекспир

Тозақ қаңырап тұр,
сайтанның бәрі осында.

Ілмектер: тозақ, өмір Уильям Шекспир

Шiрiген лалагүл арам шөптен бетер сасиды.

Ілмектер: лалагүл, арам, шөп, сасу, сасық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Адамдардың өмiрiнде толысу сәтi болады, егер оны пайдаланса, табыс әкеледi, жiберiп алса, онда әрi қарайғы жол қайраң арқылы өтетiн болады.

Ілмектер: сәт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, табыс Уильям Шекспир

Торғай көкектiң балапанын ұзақ асырады, ақыр-соңында қанаттанған көкек оны шоқып тастады.

Ілмектер: торғай, көкек, балапан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш.

Ілмектер: дос, ақыл, кеңес, жау, сүйеніш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Терең өзен шымырлап қана ағады.

Ілмектер: терең, өзен, ағыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.

Ілмектер: жетістікке жету, жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын.

Ілмектер: дос, бақыт, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Балдың тәттілігі сонша, ең соңында ащылық сезіледі. Көп болған сайын дәмі кетеді.

Ілмектер: бал, тәтті, дәм, ащы, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Аз сөздің салмағы басым болар.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм Уильям Шекспир

Шын ынтамен тындырған жұмыс — тәнге шипа.

Ілмектер: жұмыс, ынта, шипа, тән Уильям Шекспир

Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады — сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы.

Ілмектер: дос, қуаныш, қиындық Уильям Шекспир

Бір көзқараспен махаббатты өлтіріп алуға болады. Сондай-ақ, бір көзқараспен оны қайтып тірілте аласың.

Ілмектер: махаббат Уильям Шекспир

Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады.

Ілмектер: ақымақтық, даналық Уильям Шекспир

Өзімшілдік – тірі пенденің орасан зор кемістігі.

Ілмектер: өзімшілдік, кемшілік Уильям Шекспир

Икеміңе қарай еңбек ет.

Ілмектер: икем, еңбек, икемділік Уильям Шекспир

Күдіктер – сатқындар: байқап көруден үркітіп, олар көбінесе–ақ біздің ие бола алатын игілігімізден мақұрым қалдырады.

Ілмектер: күдік, сатқындық Уильям Шекспир

Барлық мақтаншақтардың басына туар күн: ерте ме, кеш пе, әйтеуір сөзсіз арандайды.

Ілмектер: мақтаншақтық Уильям Шекспир

Қарап көріңіз