Ұлы Абай
Қазақтың өлең сөзге жаны жақын,
Дүниеге келді шешен, талай ақын.
Бұйырмады өзгеге өзіңдей бақ,
Қазақ емес, әлемге мәшһүр атың.
Өлеңменен өмірімді жалғаймын,
Өзімді -өзім осылай мен алдаймын.
Қуаныштар көп болса әр күнімде,
Қыран құстай мен самғаймын.
Ауылға бара жатырмын сағынышпен,
Ауыл деген ғажап қой неткен.
Кіндік қаның тамған жер,
Ұмытылмас әсте естен
Махаббаттан жүрегім жылап қалды
Шарапсыз-ақ мас болып, сыр ақтарды
Тағдырыма бұйырмапсың бірақ та
Сені сүю жүрегіме ұнап қалды
-Бар күшіңді жақсылыққа арнайтын
Жан едің ғой қиындыққа сынбайтын.
-Кешір өмір, тағдыр жазса бірақ та
Мықтының да кезі болар жылайтын.
Талай адам айтып жүрген жырлатып
Бақыт жайлы мен де айтайын тілқатып
Көру, сезу,білу, жүру, ойлану
Ең алдымен осы екен шын бақыт
Қасиетіңнен айналдым ұлы далам,
Сенде өткен әз әже, ұлы бабам,
Сен деп отан жазамын арнап өлең,
Жүрегімнен сәбилік туындаған.
Қасиетіңнен айналдым ұлы далам,
Сенде өткен әз әже, ұлы бабам,
Сен деп отан жазамын арнап өлең,
Жүрегімнен сәбилік туындаған.
Мұқағали поэзияның жүрегі ,
Мақатаев лириканың тірегі.
Заманынан ала алмады лайықты
Жас қазағым түзеді бұл айыпты.
Қалды бақыт болып,
Кетті жақұт болып.
Солдыма, солмадыма,
Гүл болып.
Сағындым нұр шашқан,
Шаттық нұр ашқан,
Қарап кейде,
Ұялып көз жүгірте қашқан.
Мен сені көрген сәтте алғашқы,
Сен үшін төккен едім әр жасты.
Ал қазір өмірімнен мән қашты,
Көңілімді қар басты.
Нақыл сөзбен ақыл айтқан,жақсы адам,
Өз ағамдай, Бексұлтанмен мақтанам.
Шәкірттерге сабақ беріп жасынан
Мәдениет тарапынан мақталған.
Ауылдың айын жандырған,
Ақ шолпан деп ән салдырған.
Баянменен Бексұлтан
Дауысы зор жаңғырған.
Қатады кейде кеудені жарып жүректе мұз
Біле тұра неге қанша уақыт құр өткенбіз
Сыйлаймын қазір мендегі бар шын сезімді
Вогзалда мені сағынып тұрып күзеткен қыз
Бір Алланың берген сыйы бір әкең мен бір анаң
Қанша жаман болсаңдағы құлатпайтын жырадан
Екы жанды Биіктерге көтеру, менің үлкен парызым
Жалғыз ұлмын жылдар бойы жаратқаннан сұраған
Таң атқанда,жүзіңе түсетін нұрдан қызғанам,
Сағынғанда сен мены, тыңдайтын жырдан қызғанам
Жүзіңе тиген әр тамшы судан қызғанам
Тыршыліктегі естілген шу дан қызғанам
Ойларсын сен жүрген шығар әрең кеп
Сүйгенімді көрсете алсам дәлелдеп
Берсе дағы өмірді қайта сүруге
Бірінші болып жазар едым "сәлем" деп
Өтем деп сынақтардан көп терледі,
Өмірде қиындықты кім көрмеді.
Жеңіл ойлап алданған қайран басым ,
Шайқалып , не дүние төңкермеді.
Табжылмай бір орында тұра алмадым ,
Ойлаушем сен екен деп мұнар бағым .
Өмірімнен бар бақытты суырып ап ,
Орнына жазылмастай мұң арнадың.
Өкпелейсің бұл заманда, айтшы кімге?
Заман емес!Адам өзгеріп барады күнде.
Бабалардың аманаты жерде қалды,
Ар-ұяттан безіп жатыр жастар мүлде!
Өкпелейсін бұл заманда, айтшы кімге?
Заман емес!Адам өзгеріп барады күнде.
Бабалардың аманаты жерде қалды,
Ар-ұяттан безіп жатыр жастар мүлде!
Жас жігіт әнші атанған,
Алысқа сапар аттанған.
Есіме алсам ағамды,
Мөлдіреп, көзден жас тамған.
Жырлағаны қазақтың дархан жері,
Әр сөзінде қазақтың қамқор елі.
Төлегендей ағамыз тербеп өткен,
Бұл қазақтың бағы бар елу елі.
Барлық адам өзім сияқты болмайды екен
Бетіңе күліп қарап алдайды екен.
Жаныңда адал болып жүргенменен,
Артыңнан сөздер айтып қорлайды екен.
Маңдайы жарқыраған жұлдыз қыз!
Алладан сені күткенбіз.
Періштелер әкеліп,
Аспаннан Алла берген қыз!
Жасыл қалам Жаңақорған
Бір өзіңе, бақ қонған
Сағыныштан саған арнап
Махаббатпен, ән жазам.
Ешкімге ұқсамайды көздерің,
Жылы маған әрбір айтқан сөздерің.
Келбетіңе көз тоймайдау қарасам,
Ғашық болып калғандай бір күйдемін.
Қарай бергім, қарай бергім келеді,
сенің сұлу күлімдеген жүзіңе,
мөлдіреген қара тұнық көзіңе,
баурап алды қылықтарың өзіңе,
Әкешім, сағындым сені, білемісің?
Сағынышымды жеткізуге жетпейді күшім.
Есейді, кешегі кішкентай балапаның,
Қызым-деген сөзге зар болып, түсінемісің?
Осы еді Патриоттық өр өлеңім,
Отан үшін арналған жыр дер едім.
Қазақстан міне менің туған жерім,
Өзіңде өсіп-өніп күн көремін.
Сөздері шарлап қазақпен әлем арасын,
Абаймен таныр қазақтың байтақ даласын.
Ал ұлы Абай атамыз,
Ойлап кеткен екі ғасыр бұрын ақ қазақ аласын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі