Өлең, жыр, ақындар


Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

Өмір



Қай айда 28 күн бар?

Барлық айда



Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

Есіміміз



Адам есектен неге құлайды?

Адам есектен жерге құлайды.



Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?

Шашы жоқ



Кешегі күн ертеңгі күн болғанда, бүгін сенбі болар еді, деген адам қай күні айтқан?

Дүйсенбі



Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әртүрлі жауап алатын сұрағымыз қандай?

Сағат қанша болды?



Бір фабрикада 127 қызметкер жұмыс істейді. Әр жұмысшы басқа 3 жұмысшыны таниды. 1-қаңтар күні фабрикадағы жұмысшылардан біреуі қызықты бір хабар естиді. Бұл хабарды бір күннен кейін танитын 3 адамына айтады. Осылай әр жұмысшы бір күннен кейін өзі танитын 3 кісіге айтып отырады. Қай күні бұл хабарды бүкіл жұмысшылар естіп шығады.

6 қаңтарда
1-ші күн = 1 адам,
2-ші күн = 4 адам,
3-ші күн = 13 адам,
4-ші күн = 40 адам,
5-ші күн = 121 адам,
6-шы күн = 127 адам.




Бір дорбада 50 ақ, 40 сары, 30 қызыл, 20 көк, 10 қара, 5 жасыл нәски бар. Дорбаның ішіне қарамай, әр қол салғанда бір дана нәски алуға болады. Бірдей түстегі бір жұп нәскиді шығару үшін дорбаға ең көп қанша рет қол салу керек?

7 рет



100 алманың үштен бір бөлігі мен үштен бірінің жартысын қосқанда қанша алма болады.

50 алма



Бір микроб 1 минутта көбейіп 2 микробқа айналуда. Бір сағатта бір стаканды толтыра алатындығына қарағанда 2 микроб бір стаканды қанша минутта толтырады?

59 минутта.



Жағаға екі адам келді. Жағада жалғыз адамды ғана көтере алатын қайық тұр. Екі адам да қарсы жағаға өтті. Сұрақ: қалай?

Нұсқаңызды жазыңыз



Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?

Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай күткеннен соң оны сөндіріп басқа қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі. Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа, ал сөніп суық болып тұрған лампа еш тимеген үшінші қосқышқа тиесілі.



3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?

Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі.



Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?

Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.



Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада?

Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.



Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?

Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.



Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?

Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды.



Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?

30 жылқы