Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.Су
Алдымда тұрды ақ түбiт,
Бiрақ ұстай алмадым,
Жүгiрiп барып аптығып.Сағым
Аспан түйдi қабағын,
Сұр пердесiн кердi де,
Жапты жердiң танабын.Тұман
Сұрғылт түтiн,
Бүркесе маңайды,
Адастырар талайды.Тұман
Дауысыңды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткiзер құлаққа.Жаңғырық
Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзiңе
Тiл қатқанмен қаймықпай,
Көрiнбейдi көзiңе.Жаңғырық
Жиегiне шатырдың
Судан шеге қатырдым.Сүңгi
Мұхитта дәу бiр –
Қалқып тау тұр.Айсберг
Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейдi
Жер шарының картасында,
Оған еш шың теңеспейдi.Айсберг
Жалтырайды сайда,
Сынбайтын айна.Мұзойнақ
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.Мұз
Суда қалқиды,
Жылыда балқиды.Мұз
Қыс бойы бiз коньки тепкенде,
Айдынның мөп мөлдiр көгiлдiр
Тозбаған көрпесi,
Көктемде
Бiр күнде-ақ бой-бой боп сөгiлдi.Мұз
Көлдiң бетi көк әйнек,
Сырғанауға, тым әйбет!Мұз
Мүлгiп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күмiс.Қырау
Қолы мен қаламы жоқ,
Бiрақ сурет салады көп.Аяз
Тек өзi көрiнбейдi,
Адамды тоңдырады
Ызғары дiрiлдетiп,
Есiңнен тандырады.Аяз
Мөлдiреген жүзiмдi,
Ұстап едiм, езiлдi.Шық
Қоймасын қыс ақтарып,
Жердi жапты ақ мамық.Қар
Аспаннан ақ ұлпан борады,
Қырқаны сейсепке орады.Қар
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі