Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (31) Өлеңдер (42) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (89) Ұлағатты сөздер (40) Әзіл, анекдоттар (1)

Көз — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "Көз" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді.

Ілмектер: жарық, сұлулық, көз Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту, басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

Ілмектер: адам, көз, құлақ, есту, жүрек, сезім Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Тұлға атану деген — іс-қимылдың дара қайнар көзіне айналу деген сөз.

Ілмектер: тұлға, іс-қимыл, көз Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Теориядан жердің айналатынын білеміз, ал бірақ көзбен көре алмаймыз. Уақыт та дәл солай.

Ілмектер: теория, жер, көз, уақыт Марсель Пруст
WhatsApp Telegram

Қараңғыдан шыққанда көз қарығады. Кенет биік мұнараның басына шыққан болсаң — қаның тасып, басың айналады немесе бағдарыңнан айырыласың.

Ілмектер: қараңғы, көз, мұнара Пьер Тейяр де Шарден
WhatsApp Telegram

Адами ойлау дегеніміз — көзбен ойлау.

Ілмектер: адам, ой, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Өшпенділік пен қорқыныштың арасында — уақыт пен кеңістіктің, қан мен көздің ырғақ пен кернеудің, ерлік пен əулиеліктің араларындай айырмашылық бар.

Ілмектер: Өшпенділік, қорқыныш, уақыт, кеңістік, қан, көз, кернеу, ерлік, әулиелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Көз соқырынан көңіл соқыры жаман. Көз көре алмағанды көңіл көреді, көңіл көре алмағанды көз көре алмайды.

Ілмектер: көз, соқыр, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Артқы тесігіңді қанша жусаң да көз болмайтыны секілді, қанішерден қанша аяласаң да жан ашыр жан жасай алмайсың.

Ілмектер: көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қанішер, жан ашыр Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.

Ілмектер: адам, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көз, ақыл Шәкәрім
WhatsApp Telegram

Жаны дөрекінің көзі мен құлағы да сенімсіз куәлар.

Ілмектер: көз, құлақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дөрекілік Гераклит
WhatsApp Telegram

Көз — құлақтан көрі сенімділеу айғақ.

Ілмектер: көз, құлақ, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, айғақ Гераклит
WhatsApp Telegram

Көңіл берді, көз, ақыл, білім берді,
Сөз айтуға жаратты тілімді енді.

Ілмектер: көз, ақыл, білім, көңіл, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Дананы — ойынан;
Батырды — сойынан;
Ізгіні — ісінен;
Жақсыны — түсінен;
Көлгірді — көзінен;
Суайтты — сөзінен.

Ілмектер: дана, ой, батыр, ізгі, іс, жақсы, көз, суайт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Сырты сұлуды айтқанша, іші сұлуды айт. Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ілмектер: сұлу, жүрек, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Ілмектер: батыр, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Көз қайда түссе ,көңіл сонда.

Ілмектер: көз, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі

Ілмектер: Газет, халық, көз, құлақ, тіл, наықл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Егер рухы жабайы болса, оның көзі мен құлағы жаман хабар береді.

Ілмектер: рух, жабайы, көз, құлақ, нақыл, афоризм Гераклит
WhatsApp Telegram

Сыншылар да басқалар секілді, көз алдындағыны емес, іздегенін көреді.

Ілмектер: сыншы, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көз, көру, іздеу Бернард Шоу
WhatsApp Telegram