Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ.
Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Тар лашықта кең пейіл, кең дүниеде тар пейіл бола береді.
Ілмектер: тар, пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Ғабиден Мұстафин
Менің іздейін байлығым малда емес, адамда болмақ...
Ілмектер: байлық, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Мен біздің қазақ халқын — Ұлы халық деймін. Ұлылық адам санының көптігі үшін берілмесе керек. Оның қажыр-қайратына, төзімділігіне, ілім-біліміне тән болуға тиіс. Қазақ қазақ болғалы қаншалық қанқұйлы соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты басынан кешірді. Өспесе өшкен жоқ. Сүрінсе де жығылған жоқ. Талай-талай зілмауыр табандарда тапталса да, өлдім деген жоқ.
Ілмектер: халық, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайрат, төзімділік, соғыс, ашаршылық Ханбибі Есенқарақызы
Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.
Ілмектер: ашу, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Көңіл шіркін тарылғанда кең дүниені алақандай етпей ме?
Ілмектер: көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пейіл Ғабиден Мұстафин
Жас балалар есейіп жеткенше, үлкендердің не істегендеріне жете түсінбей де еліктей береді...
Ілмектер: бала, еліктеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Мәдениеті жоқ ел — әскері жоқ патшамен тең. Мәдениеті жоқ елдің қазынасы азайып, қайыршысы көбейері менсіз де мәлім.
Ілмектер: мәдениет, қазына, қайыршы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Ақылдылар үшін атақ-даңқ — бұл зіл батпан жүк.
Ілмектер: атақ, даңқ, Ақыл, зіл, жүк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік, Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік.
Ілмектер: Өмір, ащы, тәтті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Бізге еркеліктің керегі жоқ...
Ілмектер: еркелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін — әдебиет, өнер, адамдары.
Ілмектер: салт-дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұлт, ұрпақ, әдебиет, өнер, адам, мәдениет Ханбибі Есенқарақызы
Адамды бәрі де тәрбиелейді: адамдар, заттар, құбылыстар, бірақ ең алдымен ол — адамдар. Бірінші кезекте — ата-аналар мен педагогтар.
Ілмектер: тәрбие, ата-ана, педагог, ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Макаренко
Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді.
Ілмектер: Атақ, даңқ, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ешкімнің өлгісі келмейді. Өлмесе дүниеге сыймайды. Сонда да өлмеу — арман.
Ілмектер: арман, өлім, дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Хан-сұлтандар уәде береді, алдайды, ұрлық қылады, зорлық қылады, оны қара қазаққа жабады...
Ілмектер: уәде, ұрлық, зорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Егер атақ-даңқты көтере алмай ақымақтана, есіре түссе, бұл адамның жағымсыз көлеңкелі жағы.
Ілмектер: атақ, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жылай келген дүниеден күңірене бір кету бар ғой.
Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Мен өз елімде, өз жерімде басы артық, керегі жоқ жандаймын. Жалғызсырау деген ауыр күйзеліс...
Ілмектер: ел, жер, жалғыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, ол образға, өзінің жеке “мені” енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды.
Ілмектер: танымал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Бауыржан Момышұлы
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі