Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"жаман" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жаман" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.
Ілмектер: жаман, сенім, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
Жабыға – салма тоқым жалы бар деп,
Ілмектер: мал, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Жаманға – басыңды име малы бар деп.
Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.
Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
Алтынды орағанмен жез болмайды,
Ілмектер: жаман, алтын, жібек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Жаманның көкейінде көз болмайды.
Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер.
Ілмектер: жақсы, жаман, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,
Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Шалкиіз жырау Шалкиіз Тіленшіұлы
Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.
Табалдырықтан биік тау жоқ,
Ілмектер: жаман, жау, нақыл, афоризм Сырым Датұлы
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.
Жаман әйел көп ұйықтар.
Ілмектер: жаман, әйел, ұйқы, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы мен жаманның айырмасы - сиыр мен жыланның айырмасыңдай. Біріншісі - шөпті сүтке айналдырса, екіншісі- сүтті уға айналдырыды.
Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл Әкім Ысқақ
Жаманның аузына жұртта қалған сөз түседі.
Ілмектер: жаман, сөз, жұрт Ғабит Мүсірепов
Өңкей жаман қосылса — шығарады егесті,
Ілмектер: жаман, іс, мәміле Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Мәмілемен іс бітер, бас қосып қалса көп есті.
Түзу қисықпен жараспас,
Ілмектер: жақсы, жаман, игілік Жүсіп Баласағұни
Ез игіге қараспас.
Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.
Ілмектер: жаман, жақсы, жолдас, жаза Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Ілмектер: жаман, тіл, жау Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.
Ілмектер: жаман, дос Абай Құнанбайұлы
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
Ілмектер: бала, жақсы, жаман Абай Құнанбайұлы
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Ілмектер: көңіл, жақсы, жаман Жамбыл Жабаев
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.
Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми
Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың бірімін.
Ілмектер: адам, жаман, жақсы Мұқағали Мақатаев
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі