Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (37) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (112) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"өнер" туралы Ұлағатты сөздер

"өнер" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.

Ілмектер: ана тілі, тіл, білім, өнер Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.

Ілмектер: ақын, өнер, борыш, тіл Халел Досмұхамедұлы
WhatsApp Telegram

Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгерді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп…соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.

Ілмектер: халық, тіл, өнер Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

Ілмектер: еңбек, өнер, мал Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері.

Ілмектер: мәдениет, адам, өнер Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Тұмсықтының тамағы,
Шоқу менен табылар,
Өнер-бiлiм дегенiң,
Оқуменен табылар.

Ілмектер: өнер, оқу Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

Ілмектер: идея, өнер, оқушы, жазушы Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

Ілмектер: аударма, өнер, тіл, шығарма Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер.

Ілмектер: сабақ беру, өнер Жүсіпбек Аймауытов
WhatsApp Telegram

Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.

Ілмектер: өнер, білім, оқу, балалар Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Ілмектер: тәртіп, өнер, бала Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді.

Ілмектер: өнер, өмір Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Бұ дүние - өнерліге өгей-ді,
Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.
Өнер дәулет әкелмейді кісіге,
Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді.

Ілмектер: өнер, адам Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Өнерлінің - өкініші көп,
Өнерсіздің - өкініші жоқ.

Ілмектер: өнер, өкініш Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

Ілмектер: білім, шебер, дәулет, еңбек, өнер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.

Ілмектер: өнер, ұстаз, шәкірт Әбіш Кекілбаев
WhatsApp Telegram

Өмірде керемет өнер туындыларын ыңғайсыз жерде немесе мезгілсіз уақытта көргеннен асқан қателік жоқ шығар. Шекспир соның кесірінен талай таяқ жеген.

Ілмектер: өнер, туынды, қателік Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

Ілмектер: білім, жастар, өнер, оқу, тәлім Ілияс Жансүгіров
WhatsApp Telegram

Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар.

Ілмектер: өнер, логика, динамика Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Біліктінің орны - төр.

Ілмектер: ғылым, білім, өнер Саиф Сараи
WhatsApp Telegram