Өлең-жыр байқауы

Өлең-жыр байқауының қорытындысы

Құрметті, достар!

Алдында айтылғандай, шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, таланттарды таныту және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайыстың қорытындысы шықты. Бұл қорытынды өзге өлеңдердің нашар екенін білдірмейді. Барлығы мықты. Дегенмен төмендегідей қорытындыға келдік.

13 жасқа дейін:

І орын – смартфон + диплом.

Жүрегім дүрс соғады..

ІІ орын – диплом.

Оян, ойлан!

Үш бәйтерек бес арыс

ІІІ орын – диплом.

"ОЯН"

Білімге ұмтылам

Білім және арманға қадам

Оян қазақ!

Оянайық балалар

Тәуелсіздік

Шаңғы теп, шаршама!

17 жасқа дейін:

І орын – смартфон + диплом.

Оян, алға!

ІІ орын – диплом.

Оян, Ұлы дала елі!

Оян, жүрек!

ІІІ орын – диплом.

Оян

Мәңгілік ел – мұратым

Өмір заңдылығы

Арманым

Тәуелсіз Қазақстан

Өзіңе сен

18 ден жоғары:

І орын – смартфон + диплом.

Оян

ІІ орын – диплом.

Қыранша өмір сүрейік!

Алаш туы астында

ІІІ орын – диплом.

Қазақстан табысының тарихы

Басыңды қара жерден көтер қазақ!

ОЯН, ЖАСТАР!!!

Адамгершілік

Қазақ деген халқым бар

Оян!

Оян

Аяқты шалыс баспағын

Жыр ханшасы, сен – мәңгілік тірісің

Соңғы жапырақ

Барлық қатысушыларға ризашылық білдіріп, шын жүректен алғыс айтамыз. Жеңімпаздарды жүлделі болуымен құттықтаймыз!

Сыйлық иегерлері bilimall.kz@gmail.com электронды поштасына мекен жай (толық), куәліктің көшірмесі (жасты растау үшін), аты-жөндеріңізді толық жазып жіберіңіздер. Барлық жүлделер пошта арқылы жіберіледі.

P.S. Үлгермедім, кеш көрдім, тағы қашан болады? деп поштаға да, whatsapp-қа да жазып жатқандар өте көп. Сол сұраныстарға байланысты осы жылы да ұйымдастырылады. Сіздерге айтар өтінішіміз бар — алдағы болар сайысқа қатысты өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар. Сапасын арттыруға көмек болады.

 

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

13 жасқа дейінгілер: oyan14

14 17 жас аралығы: oyan17

18 жастан жоғарғылар: oyan18

Нұсқаулықтар:

Қалай тіркелемін?

Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Басқа да сұрақтар

Сұрақтар үшін:

E-mail: bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (34)

Балауса

Құтты болсын!

Akgul1992

Кутты болсын! Модератор, мен 3 орын алыппын. Грамотамды калай аламын?

akhamit

Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификат берілмей ме?

abdizhamiloff

Менің өлеңімді неліктен есепке алмадыңыздар ? Әлде , алдыңғы жылғы жарыста жүлде алды деп , осы жарыста басқалары шықсын деген ниет пе ? Түк түсінсем бұйырмасын ?

abdizhamiloff

Орын алмаған өлеңімді оқып шығыңыздар , өнердің бағасы - қошемет , бізге сол да жеткілікті !

Әсем

abdizhamiloff орын алсаң жақсы алмасаң жаман болып қалады ма? Кішкентай қыздар сияқты жалай бермеші

Ақгүл

Ақылбек, өлеңіңіз өте керемет. тақырыпқа да сәйкес. сізге, сосын маған беру керек еді )))

Akgul1992

Администрация, жарыстарыңызға рақмет. жеңімпаздарды құттықтаймын. Келесіде тағы қатысамын. Ұсынысым бар:

1.Мүшәйра болғасын әділ-қазыларда өлең құрылысын меңгерген, табиғатын түсінетін ақындар болғаны жөн. Себебі, І орын алған өлеңдерді оқып отырып, құрылыстары жөнге келмеген, ұйқастары алшақ, бунақтары алмасып кеткен өлеңдерді оқыдым. Әрі өлең болғасын ол сыршыл, өрнектермен өрілген, көркемдегіш құралдарға бай болуы тиіс. Қарапайым сөздермен жазылған жеңіл ұйқастар орын алған. Мүмкін, тақырыбы мен идеясының сәйкестігіне баса назар аударған боларсыздар.

2.Жеңімпаздарға сыйлықтар саны көбейтілсе. Ол үшін қатысушылар 1000 тг. жарна төлеп қатысса, жеңімпаздарға да сыйлыққа ақша бөлінеді.

3.Сол жеңген өлеңдер жинақ боп шығарылса екен.

Ақнұр

Дұрыс жарна төлеп болса сапасы да жауапкершілік те артады

Айна

Жарна толеумен келісемін. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын. Алдағы сайысқа тағы қатысатын.

arshynkerei

Ақгүл1992 дұрыс айтады. Алып-қосарым жоқ. Осында қатысқан ақындар барлық өлеңді оқып шықса екен. Жақсы өлеңдер көп. Неге талқылап, пікір алмаспасқа? Осынша ақынның басын қосқан сайтқа рахмет! Төрешілер бағасын беріп болыпты. Енді оқырмандар, ақындар не дейді екен? Өз бағаларыңызды берерсіздер. Ең үлкен марапат - сол. Оқырманның бағасы! 

damirzhaparov

Кешіріңіз куəліктің көшірмесін қалай жібереміз?

Модератор

Фотоға түсіріп немесе сканерден өткізіп bilimall.kz@gmail.com - ға жіберу керек.

Модератор

Akgul1992, конструктивті сыныңызға рахмет! Ұсыныстарыңыздың барлығы орынды, пайдалы. Барлық сынға да ұсынысқа да ашықпыз. Жазыңыздар,

Гүлбақыт

18 ден жоғарыдағыларда 200 ден астам өлең екен, ілмектерін қоймағандарда көп шығар. Мысалы мен ілмек қоюды ұмытып кетіппін)

Айнура

abdizhamiloff, өткен жолы телефон ұтып алғанда бәрі жақсы, осы жолы орын алмадың бәрі жаман болды ма? Ой, тоба. Осындай ақын боламын немесе ақынмын деп жүрген адамдардан құдай сақтасың. Бір күн озасың, бір күні қаласың, өмір сондай. Қайта біреудің жеңісіне қуанбайсың ба? Бір бірімізді көре алмай аяқтан шалуды доғару керек. бір бірімізді қолдауымыз керек,

Akgul1992

Аршын Керей ханым, сиздин олендеринизди окып шыктым. Ойларыныз орамды, созден кесте тиккен екенсиз. Тамаша. Жазарыныз токтамасын.

Ssssssssss

Әрине жүлде үшін қатыспайсың ғой. Жүректен шыққан жыр ең болмаса бір адамның жүрегіне жетпей елеусіз қалса өкінішті ғой. Өзіңмен бірге туып, өзіңмен өлді деген осы емес пе? Әттең... 

Инабат

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ару

сіздердің почталарыңызға жіберілмей тұр

Модератор

bilimall.kz@gmail.com

dina_nurpeisova

Қайырлы күн. Дипломды почтаға жібересіздер ме?

Нұргүл

Жеңімпаздарға құтты болсын !Қатысқандарға сертификат берілгенде жақсы болар еді.Әлі қатысамыз.

Нұргүл

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.Қатысқандарға сертификат берілсе жақсы болар еді.Әлі де қатысамыз .Өлеңдерімізді оқысаңыздар дейміз.

Салтанат

Нұргүл, ілмектерін дұрыс қойсаңыз өлеңдеріңіз көбірек оқылады. Интернетте ілмек қатты маңызды.

Салтанат

Айнура, abdizhamiloff сияқты жылауықтар барлық сайыста болады. Ол заңдылық. Оларға мүлдем мән бермеу керек.

Bbalabekovaa_001

Үлкен рахмет мен 17 жасқа дейінгіде І орын алыппын????

Қуанышымда шек жоқ бул жерде қатысқан өлеңдердің бəрі де жеңіс тұғырына лайықты екен, оқып шықтым

Нұргүл

Салтанат,рақмет.Мен сол ілмекті дұрыс қойдым ба қоймадым ба,білмеймін

Менің қатысқым келеді қалай қатысуға болады

қалай қатысуға болады

Aizhan201075

Ілмек демекші сол ілмекті мен қоймаппын.Əділ қазылар біздің де өлеңімізге көз жүгіртіп өтті ме екен? Менің өлеңдерім жалпы ақпарат бетіне тұңғыш рет жарияланып тұр.Жиырма жылдан артық уақыт сандық түбінде жатқандары да бар арасында. Ал кейбір өлеңдерім, жарыққа əлі де бір-екі жыл жарияланбауы да мүмкін-ау!

Aizhan201075

Жеңіске жеткен ақындарды шын жүректен құттықтаймын!!! 

Жалғас

Кеш жарық. Авторлық құқық қорғалады ма?

Aizhan201075

Оян қазақ, оянатын кез келді!

Модератор

Алмай қалғандарыңыз жазыңыздар, хабарласыңыздар:
E-mail: bilimall.kz@gmail.com
WhatsApp: +7 701 754 04 73

Пікір қалдырыңыз