Өлең, жыр, ақындар

Конфуций

Құң-зы (қытайша: 孔子) немесе Конфуций (лат. Confucius); сирек кездесетін қытайша: 孔夫子; пинйін: Kǒng Fū Zǐ; Wade-Giles: K'ung-fu-tzu, дәлме-дәл «Құң ұстаз» (551 ЗБ—479 ЗБ) — ілімі мен пәлсапасы қытай, корей, виетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы.


Нақыл сөздері

Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін.

Ілмектер: білім, оқу, оқыту, нақыл, афоризм Конфуций

Танымның үш жолы бар: ең оңайы еліктеу, ең ащысы — тәжірибе, ең мәртебелісі — ойлау.

Ілмектер: еліктеу, тәжірбие, нақыл, афоризм Конфуций

Адамдар мені білмейді-ау деп қапаланба, мен өзім адамдарды білмеймін-ау деп қапалан!

Ілмектер: адам, нақыл Конфуций

Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.

Ілмектер: кедейлік, қорқу, намыс Конфуций

Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!

Ілмектер: адам, көз, жүрек Конфуций

Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек.

Ілмектер: әке, билеуші, ұл Конфуций

Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.

Ілмектер: дана, адамгершілік, қорқыныш, батыл Конфуций

Қарап көріңіз