Өлең, жыр, ақындар

Конфуций

Құң-зы (қытайша: 孔子) немесе Конфуций (лат. Confucius); сирек кездесетін қытайша: 孔夫子; пинйін: Kǒng Fū Zǐ; Wade-Giles: K'ung-fu-tzu, дәлме-дәл «Құң ұстаз» (551 ЗБ—479 ЗБ) — ілімі мен пәлсапасы қытай, корей, виетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы.


Нақыл сөздері

Нағыз азамат парызын білер, пасық жандар пайда іздеп жүрер.

Ілмектер: парыз, пасық, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Өмірге өшпенді кісілерді тыңдау, олармен араласып тұру өз қылмысыңның басы.

Ілмектер: өмір, қылмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Жақсы өмір сүру үшін өмір бойы басшылыққа жарар бір ауыз сөз — кешірімді болу.

Ілмектер: өмір, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Түзетуге келмейтін қате — нағыз қате.

Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Азамат жігіт қанша турашыл, қайсар болғанмен қасарыспа болмайды..

Ілмектер: турашыл, қайсар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Өзгелердің бақытсыздығы туралы көп ойланатын адам өз басына түскен бақытсыздықты оңай көтереді.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бақытсыздық Конфуций

Адамдар неге жақсы әуендерді тыңдайды? Неге кітап оқиды? Өйткені барлығы жанын емдегісі келеді, болмысын қалыптастыруды қалайды. Барлығы әлемнің шындығынан жанын тасалайды. Жақсы әуен, жақсы кітап сенің басыңдағы жағдайды бір сәтке болса да ұмыттырады. Музыканың терең иірімдеріне бойлап, кітап атты өзге әлемнің ғажабына ену арқылы санаңды мазалаған сансыз сұрақтан арыласың.

Ілмектер: сана, музыка, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кітап Конфуций

Егер өмір туралы аз білсек, сонда өлім туралы біз не білеміз?

Ілмектер: Рүстем Абдрашев Конфуций

Ең үлкен саясат — тәрбие.

Ілмектер: тәрбие, саясат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Адамдар мені білмейді деп қапаланба, мен адамдарды білмеймін деп қапалан.

Ілмектер: адам, реніш, қапалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Егер билеушi ел әдет-ғұрпын жақсы бiлетiн болса, оған басқару оңай.

Ілмектер: әдет, билеуі, әдет-ғұрып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Үш нәрсеге: адамға деген сүйiспеншiлiкке — қайғысыз; бiлiмге — адасусыз; батылдыққа — қорқынышсыз қол жеткiзе алмайсың.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сүйiспеншiлiк, қайғы, білім, батылдық, қорқыныш Конфуций

Тек әйелдермен және арам адамдармен жұмыс iстеу қиын. Олармен жақындассаң — тыңдаудан қалады. Олардан алыстасаң — олардың тарапынан жек көру туғызасың.

Ілмектер: әйел, арам, жұмыс, қиын, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Қарағай күн суыған сайын қатая түседі.

Ілмектер: күн, суық, қатаю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Басқарудың төрт жексұрын тәсiлi:
Тәрбиесiз өлтiру — қаталдық;
Ескерту жасамастан жұмыстан нәтиже талап ету — зорлық;
Бұйрықты орындау мерзiмiне дейiн кешiктiру — қарақшылық;
Еңбекке ақы төлеуде сараңдық жасау — ұсақтық.

Ілмектер: қаталдық, зорлық, қарақшылық, ұсақтық, Басқару, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Қате деп — түзелмейтiн қателердi ғана айтамыз.

Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Халықты күштеп тыңдатуға болады, оны бiлiмге зорлай алмайсың.

Ілмектер: халық, тыңдау, зорлау, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Аса ақылдылар мен аса ақымақтар ғана өзгермейді.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Орта жол — даналыққа ең жақын нүкте, оған жетпеу одан асып кеткенмен бiрдей.

Ілмектер: жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даналық Конфуций

Өмiр бойы басшылыққа алып өтетiн сөз бар ма? Бар, ол — кiшiпейiлдiлiк!

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кiшiпейiлдiлiк, басшылық Конфуций

Қарап көріңіз