Ұран дал, қыран дала Тұраным!
Ұран дал, қыран дала Тұраным,
Өсиетім, қасиетім, Құраным.
Мойнымдағы үзілмейтін тұмарым,
Өзің жайлы мына менің жыр әнім,
Ұран дал, қыран дала Тұраным,
Өсиетім, қасиетім, Құраным.
Мойнымдағы үзілмейтін тұмарым,
Өзің жайлы мына менің жыр әнім,
Адал едім, аппақ едім мен онда,
Іздеп барсам соның ізін табам ба?
Баяны жок, байламы жоқ заман-ай,
Айналдырдың бәрін аңыз аянға.
Бірде қоныр, бірде күрең түске еніп,
Мизам маусым мұңаяды түс көріп.
Жапырактың жайы солай қайтесің,
Бала қайын бой жаза гөр тіктеліп!
Жаман жердің бастырмаған шаң сызын,
Ғайбат сөзден естіртпеген жалғыз үн.
Түсірмеген күн көзінен басқаны,
Ишан әкем қиды қалай жан қызын?
Күй күмбірі тұншықтырып сан шуды,
Аспан жүзін ала бұлттан аршиды.
Арындаған, Абыл тартқан бұла күй,
«Аранжанның шалқымасы» шалқиды.
«Ғұмыр қысқа қызығындай бір жаздың»,
Сырын айтып сыңсиды құм,тыңдар кім?
Шілде айының аптабындай өртеніп,
Фәниге арзу жүрегімнен жыр жаздым.
Соры басым болса дағы сұсы бар,
Мінезінде Адалдықтың күші бар.
Мың дүлейді жөнге салар әп-сәтте,
Машайықтай мысы бар,
Ай сәуле жүзді ақ жеңгем,
Әлдилеп бесік бөлеген,
Бекзат боп өскен ұл едің,
Төреге жұртың теңеген.
Сәуле ендірген сұрғылт тасқа сұрықсыз,
Өнер кие, сенім берік, күдіксіз
Мойындаған пайғамбар да, патша да,
Тәжім еттік хас өнерді ұғып біз!
Қырық қыздың сәні бар мәнерінде,
Қырық қыздың сыры бар әлемінде.
Бесігінде ұлыма атастырған,
Дәл осындай қалыңдық бар елімде.
Үр жаңа үлде бүлдеден
Шымылдық шаршы құраған
Інжу менен жауһардан
Қапсырма белдік қынаған.
Үкілі бөрік киіп қамарлаған,
Үстірттің үстін шолып самалдаған
Құмартып құлақ түрсін құба дала
Бөбекке Қайып тағы ән арнаған.
Көктем келіп болмаған соң,
«Күн суық» деп алдандым.
Ақпан жігіт өтіп кетті тұсымнан,
Әрі-сәрі көңіл күймен таңдандым.
Өркениет түп-тамыры - тұрақ тауып көмбеден,
Обалардан шырақ тауып, қараормандай ой терем.
Тас қалада тыныстайды ұлысымның көсемі,
Кебенегін оранып-ап, асыл, алтын теңгеден.
Елдік үшін бітпей қойғн егесі,
Көк тіреулі Күйкенінің төбесі.
Жеті жұрт кеп, ауып кеткен жеті жұрт,
Беу, Бейнеуім сенін ойын - сан батырдың көбесі!
Тұлпар менен тектілікті сөз етсем,
Табам бәрін әкем жайлы деректен.
«Кесекті ердің көзімін» ғой құдай-у,
Неге сонша өзімді-өзім қор еткем?
Аяқ басса біріндеп,
Қос тізесі дірілдеп.
Қолдары да қалықтап,
Аттай алмас анықтап.
Наурыз – жылдың басы!
Көктем басы!
Ежелден оған куә – өткен ғасыр.
Ақ шуақ – адамзаттың мейірімі де,
Наурыз көже дәміңнен дәм татайын,
Наурызкөкке қауынып тіл қатайын.
Наурыз гүлді толтырып құшағыма,
Ақ әжеден ақырын сыр тартайын.
Жадырап күннің жанары,
Бетті өпсе жылы самалы.
Сай-сайға ақса жылғалар,
Бұл – Наурыз хабары.
Сәуірдің атып ақ таңы,
Атамыз бағын баптады.
Бой түзеп өсіп қалыпты,
Алманың жас талшыбығы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі