Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар берілген. Ұлттық тұрмысқа қатысты сұрақтар балалардың тарихи және мәдени танымын кеңейтеді. Қарапайым әрі мазмұнды жұмбақтар есте сақтауға жеңіл. Жауаптары бірге көрсетілген.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Төрт таяққа керiлдi,
Әдемi үй боп көрiндi.

Шатыр



Жиегiне қағылар,
Әр есiктiң қалы бар.
Ол болса қақпа да
Ашылып-жабылар.

Топса



Қақпаның қалы,
Оның да бар
Оң мен солы.

Топса



Күзетем деп үйдi,
Жұдырығын түйдi.

Құлып



Көмейлете iндi,
Сүңгiтiп ем тiлдi.
Темiр кiсен дiнi,
Кейiн қарай шегiндi.

Кiлт



Үйден
Ең соңынан шығатын кiм?
Үйге
Ең алдымен бас тығатын кiм?

Кiлт



Келсең жолды ашады,
Кетсең жолды жабады.

Есік



Түбiнен үзген,
Қатарлатып тiзген,
Сүйрiктi тұттым,
Таза ауа жұттым.

Ши



Даланың тайраңын,
Қаз-қатар тұрғызып,
Отыз жерден байладым.

Ши



Көк тiреп тұрған,
Көп таяқты буған.

Басқұр



Дөңгелек үйдiң
Қара-шұбар жыланмен
Белiн будым.

Белдеу



Қабырғаның кең төрi,
Ажыратпай ұстап түр.
Жұмыр болат шеңберi.

Белдеу



Дәу шеңбер шатырлы,
Төрт тамырлы,
Ақ жаулық жамылды.

Түңлiк, оның төрт бауы



Түрiлiп тұрар бiр басы,
Бұрышсыз үйдiң мұржасы.

Түңлiк



Ұшы екi айыр ақ таяқ,
Сүйенiп тұр жатпай-ақ.

Бақан



Тақиялы сүмбi тал тiзбегi,
Ақ шапан жамылды жүн тегi.

Үзiк



Имек бүйiр ұшының,
Бұйдасы бар.
Қырлы сүйiр ұшының
Ұясы бар.

Уық



Тұмсығын тесiп,
Жүннен бұйда есiп.
Қазыққа байладым.

Уық



Ортасы ашық,
Шомбал төрт қазық.
Тiк тұрар күн ұзын,
Екеуi тым ұзын.
Бiрi – онда.
Бiрi – солда.
Қатар жатқан таласа,
Екеуiнiң бойы аласа.
Бiрi төбемде,
Бiрi еденде,
Осы төрт қазықтың,
Iшiндегi жазықтың.
Үстiн жапқан шап-шағын,
Ашсаң тақтай қақпағын.
Жол бередi кiсiге,
Кiресiң үй iшiне.

Қос жақтау, маңдайша, табалдырық, есiк



Қабырғасы тор көз,
Төбесiнде зор көз.

Кереге, шаңырақ


Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар туралы

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар деген не?

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері