Бұл бөлімде жәндіктер туралы жұмбақтар жинақталған. Қызықты сұрақтар арқылы балалар кішкентай тіршілік иелерін жақсырақ таниды. Мұндай жұмбақтар танымдық жағынан пайдалы және есте сақтауға жеңіл. Жауаптары бірге берілген.
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.Көбелек
Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.Шыбын
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.Құмырысқа
Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.Маса
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.Бал арасы
Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.Қара қоңыз
Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.Құмырсқа
Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.Құмырсқаның илеуі
Кішкентай ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.Кене
Тоқыған ауы – шыбынның жауы.Өрмекші
Әуеден ақ-сары құс ән салады,
Келгенде шабытына жан алады.
Өзгеше қылығына қарап тұрсаң,
Дымы жоқ тақыр жерден нәр алады.Сары маса
Екi ұшы бұлдырақтай,
Ортасы қылдырықтай.Құмырсқа
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.Құмырсқа
Беретұғын балы бар,
Шағып алса – зәрі бар.Бал арасы
Ұшағым бар кіші,
Мінбейді еш кісі.Инелік
Гүлдерден нәр тереді,
Біздерге бал береді.
Бал арасы
Жаңбыр жоқта бұғады,
Жаңбыр жауса шығады.
Жауынқұрт
Толып жатқан тісі бар,
Ағашпенен ісі бар.Ара
Бір ұшақ бар кіші,
Мінбейді еш кici.Инелік
Үстіндегі көйлегі
Түрлі-түсті не керек,
Қызықтырар көргенді.
Мұның аты.......Көбелек
Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады.Айқұлақ
Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар..
Тағамға ұқсас атауы,
Шешуін оның табыңдар.Ұлу
Гүлден гүлге қонады, ара емес,
Ақ, сары боп бау-бақшаға сән береді.
Ол не?
Көбелек
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.Ара
Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Құрады жібек ауды оң мен солға.
Тартқанда машинасын оң мен солға,
Табады қаражатын сонда зорға.Өрмекші
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал,
Ол не балалар?Аралар
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.Құмырсқа
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей.Көбелек
Жапырақ жеп сілекей шығарады,
Сілекей жасын шығарады.Жібек құрты
Көк төбеде көп болды,
Топырақ жалап тоймайды,
Несібесі неден жоқ болды.
Жетеу еді бедері,
Он төрт еді аяғы,
Балалықтан айтып жүрген
Жұмбақ еді баяғы.Есек құрт
Бір ұяда жүз бөлек үй.Араның ұясы
Шатыраш-шатыраш тау болар,
Көгершіндер ұялар,
Сорпасы адал болса да, еті арам,
Ол не болар?Араның балы
Биік-биік тау болар,
Қаршығалар ұялар,
Еті арам болса да, сорпасы адал,
Ол не болар, балалар?Араның балы
Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.Ара
Бір нәрсе өзі нәзік тым-ақ сергек,
Қорқады бала-шаға, әйел, еркек,
Өзінің қаны адал, еті арам,
Мылтықсыз, я қылышсыз ұстайды ептеп.
Ара
Бір елеуіш жаным бар,
Көтере алсаң бәрін ал.Құмырсқаның илеуі
Айдалада бір базар.Құмырсқаның илеуі
Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.Құмырсқа
Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып,
Өзінен ауыр жүкті көтереді,
Үйінде жатып жейді рахаттанып.Құмырсқа
Белең-белең, белең ат,
Белі нәзік күрең ат.
Тауға мінсе таймас ат,
Талау тисе өлмес ат.Құмырсқа
Бұл бөлімде Жәндіктер туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.
Жәндіктер туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі