Бұл 3-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Қыс кезінде ұйықтап жатар,
Жаз мезгілі думан ашар.Шыбын
Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.Шыбын
Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.Шыбын
Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.Шыбын
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.Көбелек
Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.Көбелек
Иір-иір үйі бар,
Іші қапас әрі тар,
Құлақ тоссаң
Ызыңдаған үні бар,
Бұл не, біліп ал.Ұлу
Ызыңдап ән салып,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады.Шыбын
Шөп ішінде жүреді,
Шақса уын жаяды.
Зиянын қойлар біледі,
Күйсетіп жеп қояды.Қарақұрт
Топырақ пен көң астын,
Қопарып ем,
Жыбырлаған кен аштым.Жауын құрты
Гүлдің нәрін жинайды,
Адамға бал сыйлайды,
Ұнатады бірлікті,
Қоғамдасқан тірлікті.
Еңбекқорды аялайды,
Еріншекті аямайды.Ара
Еріншекті,
Еміншекті,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны кім табады?Ара
Ойлайсың,
Көрсең түйме деп,
Тұмсығын тығып қадалып,
Шағады бадалып,
Ақыры өлер тоқтықтан,
Жан берер оған соқтыққан.Кене
Қарақұрым нөпiрi,
Егiн, шөптiұң жебiрi.Шегіртке
Иiр-иiр үйi бар,
Iшi қапас әрi тар,
Құлақ тоссаң
Ызыңдаған үнi бар,
Бұл не, бiлiп ал.Ұлу
Тор тоқуға шебер-ақ,
Бiрақ киiм тiкпейдi.
Өнерi де өнер-ақ,
Бiрақ iсi бiтпейдi.Өрмекші
Денесi буылтық,
Сырты жасыл түк.Жұлдыз құрты
Құжынаған жұмыскер
Бiрлескенде тым iскер.Құмырсқа
Ызындап ән салып,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттiге тамсанып,
Қоқысқа қонады.Шыбын
Қанды сорып сүлiктей,
Ызыңдап кеп шағады,
Бұл қандай бүлiк дой?Сона
Шөп iшiнде жүредi,
Шақса уын жаяды.
Зиянын қойлар бiледi,
Кұйсетiп жеп қояды.Қарақұрт
Топырақпен көң астын,
Қопарып ем.
Жыбырлаған кен аштым.Жауын құрт
Тұт ағашын өрмелеп,
Жейтiн дәмi жапырақ,
Сiлекейiн кермелеп,
Мата тоқыр жалтырақ.Жiбек құрты
Гүлдiң нәрiн жинайды,
Адамға бал сыйлайды,
Ұнатады бiрлiктi,
Қоғамдасқан тiрлiктi.
Еңбекқорды аялайды,
Ерiншектi аямайды.Ара
Жаздай жатпай,
Қырдағы гүлдi аралар,
Өзi де татпай,
Жинар гүл шырынын,
Тисең оған құрыдың,
Аямай шағып жараларАра
Ерiншектi,
Емiншектi,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны кiм табады?Ара
Алдымен де, артымен де жүреді,
Еңбекшілін елдің бәрі біледі.Құмырсқа
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі