Бұл бөлімде музыкалық аспаптар туралы жұмбақтар ұсынылған. Әуен мен аспаптарға қатысты қызықты сұрақтар балалардың өнерге қызығушылығын арттырады. Жұмбақтар есте сақтауға жеңіл әрі танымдық мәні бар. Жауаптары бірге көрсетілген.
Құлыптың аузын ашатын да,
Құлыптың аузын жабатын да құралмын.
Бірақ, бірақ бұл жерде,
Музыка әлемін ашамын.Скрипка кілті
Жеті торғай бес сымға,
Қонақтап кеп тынығар,
Жетеуінің ұқсамас,
Жеті түрлі жыры бар.Нота
Сызылған үні,
Әдемі тілі,
Үрлесең ойнайтын
Аспаптың бірі.Сыбызғы
Ансамбльге сылдырлап,
Қоңыраулатып үн қосты,
Тыңдаған жан елітіп,
Мейірлене үн қосты.Асатаяқ
Ішекке ысқыш тисе болды,
Әлем сырлы әуенге толды.Қобыз
Екі желі –
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі.Домбыра
Көннен түбі, қақпағы,
Қаудырай ма, нетеді?
Екі жеңіл тоқпағы
Ербең-ербең етеді.Барабан
Жансыздан жалғыз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ.
Ер ерттеп, екі айылын тартып алып,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап.
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық,
Мойнына қатар-қатар түйме салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылып неше түрлі әнге салып.Гармонь
Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.Домбыра
Қос қазық екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.Домбыра
Жоқтан бар қып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.Граммафон
Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.Домбыра
Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.Домбыра
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Көңілге түрлі ой салар.Ән-күй
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар.Фортепиано
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
Домбыра
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?Қобыз
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?Жетіген
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.Сыбызғы
Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.Керней
Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі.Нота
Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.Скрипка кілті
Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол...Дирижер
Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
"Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап.Домбыра
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
Домбыра
Жоқтан бар ғып сайратқан,
Жылы тартып жайнатқан.
Тұла бойы тұл жұмбақ,
Елу үш құлын байлатқан.Граммафон
Жоқтан бар ғып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.Граммафон
Бір шұқып тұмсығымен амандасып,
Айналып ахуалын көріп тұрар.
Бір сағат қарап тұрса ақыл ойлап,
Күйіне бар денесін толықтырар.Патефон
Қапасқа бір тотыны қойған байлап,
Отырар қысы-жазы соны жайлап.
Қасына тыңдаушылар жақын барса,
Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап,
Өзіне әр түрлі құс келіп тұрар,
Сырты шұбар әдемі келген сұлу,
Әңгіме күні-түні мәжіліс құру,
Қаз мойын көмекейі сақылдайды,
Жиын той көңілденген қызық-қызу.Патефон
Мұрнында бар инесі,
Бетінде бар түймесі.
Аузын ашса сөйлейді,
Табыңыздар не осы?Патефон
Денесі бар, аузы жоқ,
Көмейінен сөйлейді,
Бұл не деген тамаша.
Өлең тартқан кернейі.Патефон
Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,
Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.
Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,
Оқыса үйренеді оқыған қол.Нота
Аузы оймақтай,
Ерні етектей.Керней
Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін.Барабан
Бойы бір тұтам,
Сақалы қырық тұтам.
Аузы ордай,
Мұрны құрдай.Мандолина
Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,
Затының кім екенін білмедім-ай.Сырнай
Бір отау сырты әсем, екі баулы,
Он батыр босағада болған даулы.
Ішінде қыз бен жігіт толған екен,
Бәрі ақын көрінеді жез таңдайлы.Гармон
Жансыздан боз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ
Ер ерттеп екі айылын тартып алып ,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап,
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылтып неше түрлі әнге салып.Гармонь
Ағаш, темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.Гармонь
Салдырттым әсем қара ат, екі жорға,
Он жігіт қызмет қылар әрең зорға.
Күніне жеті бекет жер алғызып,
Әселмен барып келер нұрлы жолға.Домбыра
Бұл бөлімде Музыкалық аспаптар туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.
Музыкалық аспаптар туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі