Бұл бөлімде табиғат туралы жұмбақтар жинақталған. Табиғат құбылыстары, қоршаған орта және табиғатқа қатысты қызықты сұрақтар берілген. Жұмбақтар балалардың танымын кеңейтіп, табиғатты түсінуге көмектеседі. Әр жұмбақтың жауабы бірге ұсынылған.
Бір кеме аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Қолына ұстап алған таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кезіп кетер,
Не екен ол ешбір жерде саяғы жоқ.Бұлт
Толқып-толқып судай ағып,
Ешбір жанды кетпес қағып.
Көз көрсе де қол ұстамас,
Жаратылған мұнша нағып?
Сағым
Бір нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ,
Жаз көркі, көк шәлідей шымылдық боп.Сағым
Алдымнан өтті бұлдырап,
Тұра қалдым жолына.
Ұстайын деп ойландым,
Ілінбеді қолыма.Сағым
Үстінде шөлдің,
Толқыған көлмін.Сағым
Кейде аққан судай,
Кейде қалың нудай.
Жақындасаң жоқ,
Алыстасаң бар.Сағым
Көз алдымда көк теңіз.Сағым
Алтын аяқ,
Жете алмадым,
Жалаң аяқ.Сағым
Бір нәрсе көруге көп, ұстауға жоқ,
Жаздыгүні көп болар, қыстауға жоқ.
Тұрмайды бір мекенде қарауытып,
Қаншама жалынып, жалпайсаң жоқ.Сағым
Қусам да жеткермеді, тұра қашты,
Барды да бұрыш қаптың аузын ашты.
Боран
Қолтықтан кірер қоңқайып,
Төрге шығар томпайып.
Боран
Қу талақай үйірілген,
Желден шүй кейірілген.Құйын
Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып,
Жүреді кейде көп боп, кейде азайып.
Барлығы көпке мәлім болса-дағы,
Еш адам ұстай алмас ебін тауып.Құйын
Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.Құйын
Өрге қарай құтылды,
Сырына келіп қосылса,
Өз-өзінен құтырды.Құйын
Ашуланып бұртиды,
Аузы көпіріп құтырды.
Ашушаң ақымақ,
Кез келгенді ұшырады.Құйын
Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша қылығына қарап тұрсам,
Арасын жер мен көктің барлап тұрған.Жел
Бір нәрсеге қарап тұрсаң дүбірлейді,
Алыстан көзін салсаң күлімдейді,
Екпіні сонша қатты болса-дағы,
Ұстасаң қолыңызға білінбейді.Жел
Алдымнан өтті бұлдырлап,
Тұра қалдым жолында.
Ұстайын деп ойладым,
Ілінбеді қолыма.Жел
Құйрығы, екі мүйізі,
Түбінде шидің шықпаған.
Ту қоян жатыр тумаған,
Шыбықпен ұрсам, шықпаған,
Қарғыды тамнан соқпаған.Жел
Табиғат туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Табиғат туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі