Өзім судан өнемін,
Суға салсаң, өлемін.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бір әріппен бөлінген,
Екі «Н» ның арасы.
Адам үшін сол заттың,
Ғаламда зор бағасы.
Қасиетті сол зат тұр,
Дастарханға қарашы.
Оны мәңгі ардақтар,
Адамзаттың баласы.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Жеке өзiн жей алмайсың,
Онсыз асты да аузыңа салмайсың.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Үсті тымық, қарасам,
Асты болса ала шаң.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Судан шығады,
Судан қорқады.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Мыжғылаймын – жаны жоқ,
Кескілеймін – қаны жоқ.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Түсі әппақ қардай,
Тәттілігі балдай.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең – уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады:
Ірімшік, май, құртың да.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бір шайнаймын,
Бір шайнағанды
Мың шайнаймын.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Ащы да болса құмарсың,
Асыңа қосып тұрарсың.
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бip шайнаймын,
Бip шайнағанды
Мың шайнаймын.
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Қант емес –
Тәтті.
Мұз емес –
Қатты.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Шақпақ тас,
Әппақ тас,
Қатты тас,
Тәтті тас.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бәрі, бәрі тұйық,
Іші толы сұйық.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Қар дейін десем,
Қап-қатты.
Тас дейін десем,
Тәп-тәтті.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Сауытын шештім сақтанған,
Көрінбеді ақ тоннан.
Ақ тонын да шешіп ем,
Сары тон шықты ішінен.
Сары тонын шешіп ем,
Түк таппадым ішінен.
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
“Құраннан” бір жас үлкен немене екен?
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Сусында да сусын бар,
Отқа түсіп қанығар.
Ақ қатығы тағы бар,
Онсыз басың ауырар.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Ай далада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Он екі қысырағым бар:
Екеуі - жуан буаз,
Екеуі - күмән буаз,
Екеуі - анық буаз.
Екеуі - танық буаз,
Екеуі - жіңішке қысыр,
Екеуі - ат қысыр.Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі