Бұл бөлімде ас, тағам туралы жұмбақтар ұсынылған. Азық-түлікке қатысты қызықты сұрақтар балалардың танымын кеңейтіп, есте сақтауын дамытады. Жұмбақтар жеңіл оқылады және тез шешіледі. Әрқайсысының жауабы бірге берілген.
Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.Жұмыртқа
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.Таба нан
Судан алады,
Суға салса өледі.Тұз
Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.
Жұмыртқа
Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.Жұмыртқа
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.Пияз
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр.
Жiлiк майы
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.Науат
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Құрт
Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң?
Араның балы
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.Тұз
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
Құрт
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.Қант
Ас, тағам туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Ас, тағам туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі