Мақал-мәтелдер – қазақтың нақыл сөздер жинағы

Текке жүргеннен текті ұрпақ тумайды.

Ілмектер: Білімдіден шыққан сөз
WhatsApp Telegram

Боқтап сөйлеу ездің ісі,
Тоқтап сөйлеу ердің ісі.

Ілмектер: #мақал #есболбозан
WhatsApp Telegram

Тіршілік бітсе қайтарып ала алмайсың, ақырет жетсе сатып ала алмайсың. Жауабы бұл жұмбақтың — өткінші құбылыс уақытың.

Ілмектер: Автор: Нарша Булгакбаев, Narsha Bulgakbaev, тіршілік, ақырет, уақыт, жұмбақ, сұрақ-жауап, өткінші, құбылыс
WhatsApp Telegram

Жер шежіресі – ел шежіресі.

Ілмектер: жер, ел
WhatsApp Telegram

Бидай – қырда,
Күріш – Сырда.
Жемістердің ғажабы –
Жетісуда.

Ілмектер: күріш, бидай, жеміс
WhatsApp Telegram

Қонақ келсе, сайласып,
Атып тұрып, атын тұт.
Жай сұрасаң жайласып,
Алдыменен өзін күт.

Ілмектер: қонақ, сыйластық
WhatsApp Telegram

Екі тау қосылмайды,
Екі ел қосылады.
Жігіті жүзге жеткен елді
Жүзіқара кемітеді.

Ілмектер: ел, жігіт
WhatsApp Telegram

Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.

Ілмектер: ұлт, тіл
WhatsApp Telegram

Қазақ аулы қарайлас.
Шеру соңы қарайлас.

Ілмектер: қазақ, ауыл
WhatsApp Telegram

Ел айрылса – көбіне,
Жол айрылса – кеңінен.

Ілмектер: ел, жол
WhatsApp Telegram

Қара жерді жамандама
Қайтып сонда барарсың.
Қауым елді жамандама
Қарғысына қаларсың.

Ілмектер: жаман, қарғыс
WhatsApp Telegram

Жұт қырған қара қойын, қарасирақ.
Жалаң аяқ, қыл мойын, қарасирақ.
Табанақта жер ауып, суын кешкен.
Елден ұзап, бауырлық бауын кескен.

Ілмектер: қарасирақ, жұт, қара, қой
WhatsApp Telegram

Қазақ байыса қатын алар,
Өзбек байыса үй салар.

Ілмектер: қазақ, өзбек
WhatsApp Telegram

Оразкелді ел секілді,
Байлар-жандар бел секілді.
Алғилар аңыраған жел секілді.
Құлшығаштар бір уыс құм секілді.
Қаракөселер бөлініп қалған көл секілді.
Тоқболаттар қапқа тыққан жүн секілді.

Майлы Қожа

Ілмектер: қоңырат, оразкелді, байлар-жандар, алғи, құлшығаш, қаракөсе, тоқболат
WhatsApp Telegram

Қазақтың айраны көп,
Орыстың мейрамы көп.

Ілмектер: қазақ, орыс
WhatsApp Telegram

Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой.
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

Ілмектер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз
WhatsApp Telegram

Өзбектің кигенін ал,
Қазақтың мінгенін ал.

Ілмектер: қазақ, өзбек
WhatsApp Telegram

Түрікпен төрін бермейді.

Ілмектер: түркімен, түрікпен
WhatsApp Telegram

Қара сөздің мағынасын толықтай білсең өмірдің мәнін білесің.

Ілмектер: Абай Құнанбаев, өмір мәні
WhatsApp Telegram

Абайдай болғың келсе,
Тұлғаларыңды біліп ал!

Ілмектер: Абай Құнанбаев
WhatsApp Telegram

Ай бұлағы Ана.

Ілмектер: ана туралы
WhatsApp Telegram

Жаманның жақсысы болса,
Жақсының жаманы болады.

Ілмектер: өмірдің мәні, адамгершілік.
WhatsApp Telegram

Шырын тәтті болса,
Сондай тәтті ақылды бол.

Ілмектер: Ерқұт Нұрхалық
WhatsApp Telegram

Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете берген жақсырақ.

Ілмектер: Адамшылық, адамгершілік
WhatsApp Telegram

Асыл сөз — наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай.

Ілмектер: Асыл сөз, сөз, қылыш, пышақ
WhatsApp Telegram

Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді.

Ілмектер: Жел, сөз, жер, ой
WhatsApp Telegram

Бұланайдан үлкен тау болмас,
Бұланнан үлкен аң болмас.

Ілмектер: тау, аң
WhatsApp Telegram

Құдай да құлқынға қарап ауру береді.

Ілмектер: мінез, ауру, денсаулық
WhatsApp Telegram

Жақсының жауы көп.

Ілмектер: жақсы, жау
WhatsApp Telegram

Ашыққаннан құныққан жаман.

Ілмектер: жаман
WhatsApp Telegram