Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Табыс ерте тұрған адамға келеді деп есептеледі. Жоқ, табыс жақсы көңіл-күйде оянған адамға келеді.

Ілмектер: табыс, көңіл-күй, адам, ояну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Ашар

Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.

Ілмектер: бала, дұшпан, төбелесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Артқы жағынан қара мата ұстап тұратын адам табылмайынша, ешқандай да жұлдыз жарқырай алмайды.

Ілмектер: қара, мата, жұлдыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Тіршілік дегеніміз аңсар. Аңсар қанағаттанбаса қайғы-мұң туылады. Аңсар қанағаттанса зерігу-жалығу туылады. Өмір қайғы мен зерігудің арасында тынымсыз тербелген маятникке ұқсайды. Шаттық дегеніміз қайғыдан зерігуге, не зерігуден қайғыға ауысып бара жатқандағы уақыттық қасқағым сәт қана.

Ілмектер: тіршілік, аңсар, қайғы, мұң, өмір, шаттық, уақыт, сәт, зерігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Этикасы дұрыс емес адамнан парасатты адам шықпайды.

Ілмектер: этика, парасат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.

Ілмектер: заман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді.

Ілмектер: бала, сын, сынау, кінәлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Мен доңыздарды жақсы көремін. Иттер бізге төменнен жоғары қарай, ал мысықтар жоғарыдан төмен қарай қарайды. Тек доңыздар бізді тең көреді.

Ілмектер: доңыз, ит, мысық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Барша халық, бүкіл әлем көзіне әрқашан елес, сағым секілді көрінбесе, ондай адамда философияға қабілеті жоқ.

Ілмектер: халық, әлем, философия, сағым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Логосты білгенің — бәрін білгенің.

Ілмектер: логос, білу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?

Ілмектер: өмір, байлық, кедейлік, кедей, жоқшылық, бауыр, адам, нақыл, афоризм Лев Толстой

Найзағай бәріне жол сілтейді.

Ілмектер: найзағай, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Балаға бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен, төзімділікпен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз.

Ілмектер: бала, тәрбие, мейірім, төзімділік, махаббат Мария Монтессори

Өмір сахнасындағы патша, уәзір, қолбасы, әскер, қызметші және басқалар сыртқы ерекшелік жағынан ғана бір-бірінен өзгеше, ал, түрлі образдардың мәні бірдей: жұрттың бәрі әлденені аңсаған және өз тағдырынан алаңдаған актер.

Ілмектер: өмір, сахна, әскер, патша, қызметші, жұрт, тағдыр, алаңдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Мектептің білім берумен еш байланысы жоқ. Ол балалардың қарым-қатынас жасауын бақылайтын институт.

Ілмектер: мектеп, білім, қарым-қатынас, бала, институт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Терең өзен шымырлап қана ағады.

Ілмектер: терең, өзен, ағыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Болмыс даналығы үнемдi: ондағы бар жаңа ескiден тiгiледi.

Ілмектер: болмыс, даналық, жаңа, ескі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Адамдар тағдыр деп жүрген нәрсе, шын мәнiнде, олар жасаған ақымақтықтардың жиынтығы ғана.

Ілмектер: тағдыр, ақымақтық, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Артур Шопенгауэр

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.

Ілмектер: тер, көз, сату, еңбек, аларман, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл қолданады. Қазiргi тәртiптi зорлықпен ұстап тұра алмайсың, оны зорлықпен бұзылатын қоғамдық пiкiр сақтайды.

Ілмектер: билік, зорлық, жұрт, адам, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой