Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Кітап — коллективтік тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын оқыған кісі ұлы өмірлердің жиырмасын бастан кешті деген сөз.

Ілмектер: кітап, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парасат, мақсат, мінез, мінез-құлық, игілік Әл – Фараби

Бақыт — өз басың үшін көксейтін игілік... Бақытқа жеткізетін әрекет — тамаша әрекет.

Ілмектер: бақыт, әрекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Мінез-құлық міні — рухани кеселге жатады.

Ілмектер: рухани кесел, мінез, мінез-құлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды қөргенде өзіңді-өзің зертте.

Ілмектер: зерттеу, жаман, жақсы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да.

Ілмектер: оқытушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Жақсы жолдас сыр шашпас.

Ілмектер: жолдас, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды.

Ілмектер: үлгі, сөз, мата, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

...көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам.

Ілмектер: көркем кітап, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жан дүние, жамандық, қорқу Чарльз Дарвин

Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді — көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың.

Ілмектер: көркем өнер, ғылым, кітап, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Жақсы кітап — жақсы қоғам тәрізді. Сен қандай кітаптарды оқығанынды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін.

Ілмектер: кітап, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Николай Пирогов

Сыпайы сырттан мақтар.

Ілмектер: сыпайылық, сыпайы, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,
Ел иесі бар болса — елі ала болмайды.

Ілмектер: ауыл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, ие Бұқар жырау

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.

Ілмектер: бақыт, күш, кітап, нақыл, афоризм, керемет, қанатты сөздер Максим Горький

Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, болашақ Оноре де Бальзак

Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский

Тым нақты деректерге жетер жалған ештеңе жоқ.

Ілмектер: деректер, нақты, жалған Артур Конан Дойл

Әңгімелер адамдарға ойлануға кедергі келтіру үшін ойлап табылған.

Ілмектер: әңгіме, ойлану, адам Агата Кристи

Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.

Ілмектер: ар, есте сақтау, адам Лев Толстой