Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 154-бет

Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, өгіз, ат, мал, өлім, ысқат
WhatsApp Telegram

Ат, атаның сай болса,
Қашсаң, жаудан кетерсің.
Кетпен, шотың сай болса,
Қазсаң, суға жетерсің.

Ілмектер: кетпен, су, жау, шот
WhatsApp Telegram

Ат шабады, ер шаттанады.

Ілмектер: шабу, шаттану, ат, ер
WhatsApp Telegram

Ат тойған жеріне,
Ер туған жеріне.

Ілмектер: туған жер, ат, ер
WhatsApp Telegram

Ат төбелі ай болмас.

Ілмектер: ат, ай
WhatsApp Telegram

Ат семірсе, иесін тебер.

Ілмектер: ат, семіру, ие, тебу
WhatsApp Telegram

Ат мінбеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер,
Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға тоздырар.

Ілмектер: ат, шабу, тон, тоздыру
WhatsApp Telegram

Ат қосақсыз жүгірмейді.

Ілмектер: ат, қосақ
WhatsApp Telegram

Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.

Ілмектер: қарттық, есек, жігіт, төсек
WhatsApp Telegram

Ат қалдыру туралы ғой әңгіме,
Адам емес, аты өлмейді мәңгіге.

Ілмектер: ат, әңгіме, мәңгілік
WhatsApp Telegram

Ат қаз, бауырынан саз.

Ілмектер: ат, саз
WhatsApp Telegram

Ат көрмеген атты шауып-шауып, өлтірер.

Ілмектер: ат
WhatsApp Telegram

Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.

Ілмектер: ат, жүріс, пұл, құл, жаман
WhatsApp Telegram

Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:
- Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім:
- Бәрекелді, жарайсың Мақсат!- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:
- Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай:
- Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді?
- Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен.

Ілмектер: мұғалім, жақсылық жасау
WhatsApp Telegram

Бір кісі дәріханаға келіп былай деп сұрайды:
- Сізде Ацетилсалицил қышқылы бар ма?
- Аспирин ба? Иә, бар.
- Иә, иә, аспирин беріңізші. Атын ұмытып қала берем.

Ілмектер: дәріхана, ацетилсалицил, аспирин
WhatsApp Telegram

Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз.

Ілмектер: әке, бала, ғылым, адамгершілік, өнер Мұхаммед Бағдади
WhatsApp Telegram

Ат жалдыға, кеп малды да.

Ілмектер: ат, мал
WhatsApp Telegram

Ат жақсысы — шанада,
Жігіт жақсысы — саудада.

Ілмектер: ат, жігіт, шана, сауда
WhatsApp Telegram

Ат болатын тұлпардың
Мүшесінен белгілі.
Кісі болар кісінің
Кісесінен белгілі.

Ілмектер: ат, тұлпар, мүше, кісі
WhatsApp Telegram

Ат баспан деген жерін басар,
Ер көрмен деген жерін көрер.

Ілмектер: ат, ер, жер
WhatsApp Telegram

Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.

Ілмектер: ат, аяқ, ақын, тіл
WhatsApp Telegram

Ат аяған ат мінер,
Тон аяған тон киер.

Ілмектер: ат, тон
WhatsApp Telegram

Ат аунаған жерде түгі қалар.

Ілмектер: ат, түк
WhatsApp Telegram

Ат аспаннан, нұр пейіштен (ұжмақтан).

Ілмектер: ат, аспан, нұр
WhatsApp Telegram

Ат арытпай жол бітпейді.

Ілмектер: ат, жол
WhatsApp Telegram

Ат арыса тулақ,
Ер арыса әруақ.

Ілмектер: ат, ер, әруақ
WhatsApp Telegram

Ат арықтаса, тулақ болар,
Ер арықтаса, қонақ болар.

Ілмектер: тулақ, ер, қонақ, арықтау
WhatsApp Telegram

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ілмектер: ақылдасу, ат, қатын, ауыл, қауым
WhatsApp Telegram

Асып-тасқан байлықты
Құдай да қостамайды.

Ілмектер: байлық
WhatsApp Telegram

Асың барда ер таны беріп жүріп,
Атың барда жер таны желіп жүріп.

Ілмектер: ас, тамақ, ер, ат, жер
WhatsApp Telegram