Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 234-бет

Жұмылған жұдырықпен амандаса алмайсың.

Ілмектер: амандасу, жұдырық, нақыл сөздер Индира Ганди
WhatsApp Telegram

Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс.

Ілмектер: музыка, музыка туралы нақыл сөздер Людвиг ван Бетховен
WhatsApp Telegram

Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәрігерге пысқырып та қарамайсың.

Ілмектер: дене шынықтыру, дәрігер, денсаулық, нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Қарт адамдардың үйренуге де, ақыл айтуға да қақысы бар.

Ілмектер: қарт, ақыл, нақыл сөздер Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Өмірде қате пікір болмайды. Тек біздің пікірімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар.

Ілмектер: өмір, пікір, нақыл сөздер Харуки Мураками
WhatsApp Telegram

Уақыт — жан- жақты дамудың кілті.

Ілмектер: уақыт, уақыт туралы нақыл сөздер, нақыл сөз Карл Маркс
WhatsApp Telegram

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.

Ілмектер: өзгеріс, әлем, нақыл сөздер Махатма Ганди
WhatsApp Telegram

Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Ілмектер: денсаулық, тәртіп, ұйқы, тамақтану, нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram

Жан бергеннің қасында тұрма.

Ілмектер: өлім, жан, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Кедей болсаң, көшіп көр!

Ілмектер: кедей, көшу
WhatsApp Telegram

Бәйбішенің байлығы –
Түйеде қара сандығы.

Ілмектер: байлық, сандық, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жаман қатын терісін жимай, иттен көреді,
Басын жумай, биттен көреді.

Ілмектер: жаман, әйел, ит, бит, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.

Ілмектер: арғымақ, көлік, жақсы, ат, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Білген жолыңды әкеңе де бер.

Ілмектер: әке, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Ебін тапқан екі асайды,
Еңсесі түскен бір асайды.

Ілмектер: ептілік, еңсе, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бірін екі қылып,
Битін сірке қылып.

Ілмектер: бит, бір, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Жүйелі сөз жүйесін табады,
Жүйесіз сөз иесін табады.

Ілмектер: сөз, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Шыбықтың иілгені — сынғаны,
Жігіттің ұялғаны — өлгені.

Ілмектер: ұят, жігіт, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Майхана көрмей бала оңбас.

Ілмектер: бала, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Бозынач болса, ботам менің өлер ме еді.

Ілмектер: бота, өлім, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Екіжүзділік, жағынып-жалпақтау, ыңғайымпаздық — үлкен кесел.

Ілмектер: екіжүзділік, кесел, нақыл сөздер Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Күлкі — күн: ол адам жүзінен қысты қуады.

Ілмектер: күлкі, нақыл сөздер Виктор Гюго
WhatsApp Telegram

Қазаққа басқа геометриялық пішіндерден гөрі шаршы (квадрат) көбірек ұнаса керек. Өйткені, ол үшін — зат неғұрлым ауқымды болса, соғұрлым маңыздырақ көрінеді. Сондықтан да , әдетте, атақты Һәм бай қазақтардың қабірінің үстіне осындай ескерткіштер тұрғызылады.

Ілмектер: қазақ, қабір, нақыл сөздер Шоқан Уәлиханов
WhatsApp Telegram

Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды.

Ілмектер: үміт, өмір, нақыл сөздер Харуки Мураками
WhatsApp Telegram

Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.

Ілмектер: пейіл, нақыл сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Құлдың құлы болғаннан артық адамды жер қылатын жиіркенішті нәрсе жоқ.

Ілмектер: құл, нақыл сөздер Карл Маркс
WhatsApp Telegram

Дене шынықтыру жаттығулары әр адамның жасына, әл-қуатына сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты кеміген кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сондай-ақ бозбалаға қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.

Ілмектер: дене шынықтыру, денсаулық, адам туралы нақыл сөздер Ибн Сина
WhatsApp Telegram

Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды.

Ілмектер: ойшыл, арман, мақсат, нақыл сөздер Виктор Гюго
WhatsApp Telegram

Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.

Ілмектер: дала, қазақ, тарих, нақыл сөздер Шоқан Уәлиханов
WhatsApp Telegram