Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (951) Өлеңдер (56) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (235) Әзіл, анекдоттар (1)

Білім — Ұлағатты сөздер жинағы - 6-бет

Бұл бөлімде "білім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы.

Ілмектер: тәрбие, білім, жау, нақыл, афоризм Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Ілмектер: білім, надандық, афоризм, нақыл Сократ
WhatsApp Telegram

Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.

Ілмектер: білім, мінез, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.

Ілмектер: білу, білім, мін, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Ғылымы жоқ дене суы жоқ қалаға ұқсайды.

Ілмектер: ғылым, білім, ілім Шәмс Тәбризи
WhatsApp Telegram

Білім шынайы, толық, анық, мықты болуы тиіс.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.

Ілмектер: әдебиет, парасат, білім, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Білімнен мақсат шықпайды.

Ілмектер: білім, мақсат, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Әділ бидің кегі жоқ,
Білімдінің кемі жоқ.

Ілмектер: әділдік, білім, нақыл Би-шешендер
WhatsApp Telegram

Мүсіншіге мәрмәр үйіндісі керек болғандай, адамның жанына да білім қажет.

Ілмектер: адам, білім, мәрмәр Томас Эдисон
WhatsApp Telegram

Мылтық - оқудан соңғы өнер.

Ілмектер: өнер, оқу, білім, нақыл, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.

Ілмектер: тіл, құрал, білім Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.

Ілмектер: қазақ, оқу, білім, афоризм, нақыл Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Адамды білім сақтайды.

Ілмектер: адам, білім Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Өзің білгенінді - халқыңа үйрет.

Ілмектер: халық, білім, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Ілмектер: білім, көңіл, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Ілмектер: ғылым, білім, нақыл Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.

Ілмектер: білім, мәдениет Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram