Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Ұлағатты сөздер (15) Әзіл, анекдоттар (1)

"құмар" туралы Ұлағатты сөздер

"құмар" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "құмар" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді қалайды.

Ілмектер: Көпшілік, тығыздық, құмар, бағыт-бағдар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Құмар ойын — əлсіздің əлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.

Ілмектер: Құмар, ойын, рух, дене, шымыр Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Маскүнемдік — құмардан шығуға емес, айрықша əсерленуге ұмтылады.

Ілмектер: Маскүнемдік, құмар, әсер Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Мен құмардан шығуға — қаншалықты құштар болсам, басып- жаншу дегенді — соншалықты жек көремін.

Ілмектер: құмар Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Өзіне-өзі құмар жанды алдау да жеңіл.

Ілмектер: құмар, алдау, жеңіл Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

«Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп отыратын ынтымақ құмарды айт.

Ілмектер: ынтымақ, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Өсек тасып құмардан шығатындар болады.

Ілмектер: өсек, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Көпшілік біліктіден гөрі мүліктінің сөзіне құмар.

Ілмектер: құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мүлік Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

... Әрине бірінші кезекте тән құмары (тамақ, ұйқы) табиғат заңдылығы тұрғысынан маңызды, бірақ сонымен қатар жан құмары (көрсін, білсін, естісін, танысын) да тәнмен бірге үйлесімде (баланс) болуы қажет...

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тән, Құмарлық, тамақ, ұйқы, табиғат, Заң, жан, құмар, тану, үйлесім, баланс Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу.

Ілмектер: Ой, кесел, уайымсыздық, салғырттық, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құмар Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Oйлау — ақыл-oй жұмысы, қиялшылдық — oның тәтті құмарлығы. Ақыл-oйды қиялға айырбастау ас oрнына у ішу дeгeн сөз.

Ілмектер: ойлау, ақыл, ой, қиялшылдық, тәтті, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ас, у Виктор Гюго
WhatsApp Telegram

Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң.

Ілмектер: құмар, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, қараң Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

Ілмектер: ән, күй, құмар, бала, өмір, ғашық Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Құмарың - бір, ісің - көп болсын.

Ілмектер: құмар, еңбек, іс Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Досың сені сынауға құмар адамдар қатарында жоқ.

Ілмектер: дос, сынау, құмар, адам Антуан де Сент-Экзюпери
WhatsApp Telegram