BuraNaiman

  • Ұпайы: 250
  • Тіркелген уақыты: 04.03.2023 12:48
  • Соңғы кірген уақыты: 04.10.2025 01:58
  • Аты-жөні: Ержан Қабышұлы Қабанбай
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер

Қазақша өлеңдер

Қазақша өлеңдер жинағы, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары және толық өлең мәтіндері.

Қайың мен Шайыр

BuraNaiman

Себелегі себелеген кешелі,
Көк те, Жер де тынымсыз.
Құнсызданған судан балшық бес елі,
Тамыз бауы тұр үнсіз.

Толық оқу

Тәтті ұйқы

BuraNaiman

Бәлкім маған сыйлаған сыйы бұ да? -
Көкте құдай күліп тұр миығынан.
Кірпігімді қытықтап, еркелетті,
Күн сәулесі көзімнің қиығынан.

Толық оқу

Бесқонақ

BuraNaiman

Ақ түтек боран, көрінбей жолың бес аттам,
Дала да, жер де ақ қарға қанды беспаттам.
Сәуірдің осы тосынсыйына таң қалдым,
Босанған кезде кешегі қыс күн қыспақтан.

Толық оқу

жолда

BuraNaiman

Бұлтын түнгі аспанның үзіп-үзіп,
құстай көшкен күздегі қатар тізіп,
бара жатыр қалыспай бір-бірінен,
көкжиекке қайықтай баяу жүзіп.

Толық оқу

Ақ-әдемім

BuraNaiman

Жүрегімді ауыртып Аға дедің,
Айырылды сол сәтте қақ әлемім.
Қимасам да амал жоқ қиналсам да,
Қарындас - деп айтқыздың ақ-әдемім.

Толық оқу

көктем

BuraNaiman

Бұл көктемім жетегінде салқын желін ала келді,
Қар кеткенмен сызы ерімей жүрегімде қала берді.
Түн ұйқымнан оянатын болдым жиі қара терде
Сездіргендей жаурағанын алтынымның (бауырымның) қара жерде.

Толық оқу

Өмір

BuraNaiman

Өмір - сені ешкімге бермес едім.
Көрмесем күндеріңді сенбес едім.
Бар демменен айта алам - Бақыттымын!
Сүймесем бұл әлемге келмес едім.

Толық оқу

Уақыт

BuraNaiman

Жүрген едік шалқып,
Әр күндерді нәр ғып,
Аяңдашы озбай,
Сәл кідірші уақыт.

Толық оқу

Қанаттандыру

BuraNaiman

Күндер, күндер кідірусіз, тоқтаусыз,
Өтіп жатыр өкінішсіз - жоқтаусыз.
Күдер үзген үмітінен әлдебір
Тізбектелген дүниелер ақтаусыз.

Толық оқу

Өткелдер

BuraNaiman

Көзімді ашып,шыр етіп келдім өмірге,
Ғұмырлық қуат маңдайға Күннен төгілген
Бауырға басып жап-жарық әлем құшқанда,
Бақыттың дәмі Ана сүтінен білінген.

Толық оқу

Ақынға

BuraNaiman

Өмір солай…
Жан солай…
Жүрек сондай…
Қалай ғана жүреміз құлақ салмай.

Толық оқу

Шарға

BuraNaiman

Балалық кезім қаршадай,
Жүгіріп өскен шаршамай.
Шарымды аңсап жүремін,
Ақ кірпіш үйді - ақ самай.

Толық оқу

Саятшының қияли серігі

BuraNaiman

Көңілге қонса, зеріңді салсаң, баян етейін бірер сөз.
Сырласым түнгі Ай, жарық-жұлдыздар ботадай көлкіп мөлдір көз.
Құрама-құрақ көрпе жастықтай, көкірек болса, ал да сез,
Табылса әуен қөңілге ж...

Толық оқу

Сен тұрдың түн көйлекпен

BuraNaiman

Сен тұрдың кербезденіп, түн көйлекпен -
Мен бозбала балғын шақ - сен бойжеткен.
Есіңде ме, солбір түн дәл біздерге,
Шегірткелер сырнаймен жыр әндеткен?

Толық оқу

Күз

BuraNaiman

Күз келді ме? Қара суық түнеріп.
Іздерімен шұбырмалы сыз еріп.
Береді ме шуақ күндер шапағын?
Бұлттар тұр ғой - ғарыштардан мұң еміп!

Толық оқу

Сен оны

BuraNaiman

Сен оның - нәзіктігін қадірле,
Аялап өт, жабырқатпай сен оны.
Махаббаттің бесігінде әлдиле,
Қыз жолы бұл - ал жіңішке ені оның.

Толық оқу

Тағыда түн

BuraNaiman

Тағыда түн…Тағы үнсіздік-тыныштық.
Күн етегін тартқылаған демі ыстық.
Біз екеуміз уәделі едік. Уәделі едік бұл кезге,
Бүгін біздер жүздесуге тырыстық.

Толық оқу

Ай-ләйлім

BuraNaiman

Бұлақтай дауысыңмен сыбырлаған,
Сездірдің көңіліңнен хабар маған.
Бір сәтте ұшқыныңмен жарқ еткіздің,
Жанарға жалын ешкім жаға алмаған.

Толық оқу

Сұрақтар

BuraNaiman

Шақырсам, бүгін кешке келесің бе?
Бақшада қол ұстасып жүресің бе?
Білесің бе, айтарым бар дәл өзіңе?
Мен сені құлай сүйдім сенесің бе?

Толық оқу

Жалғызбын деме

BuraNaiman

Жалғызбын деме, жан азабына күйсең де,
Жалғызбын деме,жалқының қамын ішсең де.
Жалғыз емессің, мына әлем бәрі - сен үшін,
Қадірлей алсаң, кем емес күйің ешкімнен.

Толық оқу

Аңсағаным!

BuraNaiman

Аңсағаным!
Талай болды сырымды ашпағалы,
Асқарына арманым көтерілсе,
Шың басынан жүрсің бе тастағалы?

Толық оқу

Есімде сол бақ…

BuraNaiman

Есімде сол бақ…Сарғайған сары сырғасын сепкен талдардан.
Көкейден кетпес сырнайыменен көңілсіз әнші салған ән.
Жапырақтардың шулаған үні оятып әлі сағыныш,
Ұшырып алып, бір сәтте жетер, сол күзгі б...

Толық оқу

Ізде мені

BuraNaiman

Ізде мені - бақтарда, күзді күні,
Көкте құстар салғанда үздік үнін,
Жаз лебінің шөккенде үстемдігі,
Наз желімен тербелсе ізгі гүлі.

Толық оқу

Қазақша өлеңдер жинағы

Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.

Өлең шумақтары мен өлең жолдары

Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.

1, 2, 3 шумақ өлеңдер

Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.