Сауысқан
Жолатпайтын қасына,
Сақ құс болған жасынан,
Жемді жейді сауысқан
Жол бойында шашылған.
Шатырдағы көгершіндер,
Не де болса, көнерсіңдер.
Жақыңдаңдар мұржа жаққа,
Күн суытса – өлерсіңдер.
Шиқ-шиқ етер сары шымшық,
Жағында әппақ жүні бар.
Ұшып-қонса сары шымшық,
Теріп жер дән табылар.
«Бастығымыз жасады, – деп, – асылық»,
Ниеттестер арыз жазды қосылып.
Дұрыс болды, дұрыс болды барлығы,
Жаманатты керегі не жасырып?!
Жер басқанға қызынып,
Мас болады – бірісі.
Барған сайын бұзылып,
Ластанады – бірісі.
Шоқай бабам тоқсан жасқа келгенде,
Жары қайтып, жалғызсырап жүргенде,
Ел жатарда отауына енгенде,
Шерлі жүрек болған екен шерменде.
Ел айтқандай: «көзім – қорқақ, қол – батыр»,
Бар өмірім алақандай қолда тұр.
Жиегінде жалғыз шынар саялы,
Карсы алдымда жалғыз қасқа жол жатыр.
Бір ақын салқын қанды, сөзі тұздай,
Бір ақын ізгі жанды, өзі қыздай,
Айтысып қалды бірде, ойда жоқта,
Кездескен кеңшілікте от пен мұздай.
Теспей терімді іреді,
Бауыздады қанатпай.
Тірлігімнің тірегі –
Ботамды атты,
Бала күнім, балғын күнім ол менің,
Жазық дала көзімді ашып көргенім.
Тамағым тоқ, уайымнан кендемін,
Үлкендердің сөзін тыңдау – ермегім.
Шырылдаған шындықтың –
Соқыр тиын бағасы.
Ұйытқысы сұмдықтың –
Алтын тонның жағасы.
Бұл жалғанның қалған көріп талайын,
Кетті бір жан қырау шалған самайын.
Тірі кезде өкпелесіп жүрсе де,
Шын өлімге қимайды екен ағайын.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі