Бір мақұлық келе жатыр маң-маң басып,
Құтылмас көзге түссе жолдан қашып.
Бұл жерде оны табар еш адам жоқ,
Таппаса үлкен молда кітап ашып.Бит
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.Көбелек
Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.Шыбын
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.Құмырысқа
Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.Маса
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.Бал арасы
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі